Аймақтар • 06 Наурыз, 2021

Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер күніне орай және "Игі істер марафоны" аясында елордалық Достық үйінде "Ахыска" түрік этномәдени орталығы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен мерекелік іс-шара өткізді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті

Осымен оныншы жыл өткізіліп келе жатқан іс-шара биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "30 игі іс" акциясы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара қоғам назарын зағип жандардың проблемаларына аударуға бағытталған. Жиналған әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен "Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ерғали Бұхаров құттықтады.

Қайырымдылық акциясы барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, гүлдер мен 50 естелік сыйлық табыс етті. Оның әрқайсысында жеке гигиена құралдары мен тәттілер бар.

Елордалық түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев жиналғандарға тілектерін айтып, бастаманы үнемі қолдап келе жатқан Қазақ зағиптар қоғамына алғыс білдірді.