Аймақтар • 09 Наурыз, 2021

Адам жанын індеттен арашалаған абзал жан

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында індетпен күресте науқастардың өмірі үшін алдынғы шепте күрескен дәрігерлер қатары өте көп. Осындай батыр маманның бірі, білікті дәрігер, инфекционист - Шолпан Тулешова. Оның 25 жылдан бері денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп, халық саулығы үшін атқарған жұмысы ерен.

Адам жанын індеттен арашалаған абзал жан

Ел ішінде індет тарала бастағаннан білікті маман инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін Асар шағын ауданындағы инфекциялық госпитальге жұмысын ауыстырды. Шолпан Мұхитқызы бұған дейін №2 қалалық емханада еңбек етіп келген.

Қазіргі таңда Ш.Тулешова инфекциялық орталықта коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетуді жалғастырып отыр. Осы күнге дейін дәрігер мыңдаған науқасты қауіпті індеттен емдеп шыққан.

Емдеу ісіндегі біліктілігінің арқасында дәрігер өз әріптестері мен халық алдында үлкен құрметке бөленген абзал жан. Ол бірнеше рет республикалық емдеу мекемелерінде білімін жетілдіріп, оң нәтижелерге қол жеткізген.