Теннис • 30 Наурыз, 2021

Бар үміт – Бубликте

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та өтіп жатқан теннистен Майами ATP 1000 турнирінің төртінші айна­лымына қазақстандықтардан тек Алек­сандр Бублик қана жолдама алды.

Бар үміт – Бубликте

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы саналатын Александр Бублик үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған аустралиялық Джеймс Даквортпен күш сынасты. 1 сағат 23 минутқа созылған бәсекеде отандасымыз екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, қазақстандық теннисшілер арасында жалғыз өзі келесі кезеңге шықты. Енді Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы америкалық Тейлор Фритцпен шеберлік байқасады. Ол өз кезегінде үшінші айналымда ұлыбританиялық Кэмерон Норриді 6:4, 3:6, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Өкінішке қарай, Бубликпен бірге тур­нирді сәтті жалғастырып келе жатқан Елена Рыбакина үшінші айналымда жеңіліске ұшырап, жарыстан шығып қалды. Осы жарыстың 21-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 58-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен жолығып, тартысы өткен ойында 6:3, 6:2 есебімен қар­сыласына жол берді.