Қоғам • 07 Сәуір, 2021

Қорғаныс-өнеркәсіп кешені мәселелеріне қатысты кеңейтілген кеңес өтті

245 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен ынтымақтастық, бақылау және сапа мәселелері талқыланып, шығарылатын өнімді әр тараптандыру туралы ұсыныстар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс-өнеркәсіп кешені мәселелеріне қатысты кеңейтілген кеңес өтті

Аталған отырысқа Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев, Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Әділбек Сәрсенбаев, Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары Азамат Бейіспеков және еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері қатысты.

Генерал-майор Руслан Шпекбаев сондай-ақ, отандық қорғаныс өнеркәсіп кешенінің қарқынды дамуын баяндады. Өндірістің ағымдағы ахуалы туралы айтып, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жекелеген мәселелерін қозғады.

- Бүгінде Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің 40-тан астам кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың көбі әскерге қажетті өнімдерді шығара отырып, Қарулы Күштермен ынтымақтастықты жалғастыруда. Алайда тез арада бірлесіп шешімін табуды керек ететін, шешілмеген мәселелер де бар, - деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.

Соңғы қарулы қақтығыстар ұшқышсыз ұшу жүйелері, жоғары дәлдікті көздейтін қару, радиоэлектронды күрес күштері, робототехника сынды жаңа қару-жарақ түрлерінің маңыздылығын көрсетуде. Жауынгерлік авиацияны, артиллерия, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, бронды танкты техника, радиоэлектронды күрес күштері және тағыда басқаларын қоса алғанда, әскерді толықтай қару-жарақтың жаңа түрлерімен жабдықтау қажеттілігі артты.

Қорғаныс-өнеркәсіп кешені, сондықтан қару-жарақ нарығының жағдайына сәйкес келуі керек. Армияның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары технологиялық және кадрлық әлеуетке ие болуы қажет.

2019 жылы Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 96 әскери өнімді қамтитын тізім, 57 жобаның тізбесі әзірленіп, оларды қорғаныс-кәсіпорындарында шығару үшін Индустирия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне жіберді.

Олардың кейбірін кәсіпорындар қазіргі өндіріс қуатымен шығаруға болатынын растады, ал басқалары бойынша жұмыс жалғасуда не болмаса экономикалық тұрғыда мақсатқа сай емес деп танылды.

Қорғаныс ведомствосы бұдан өзге де, ағымдағы жылы тоғыз бағыт бойынша аса маңызды өнімдер тізбесін қалыптастырды. Олардың отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде шығару қажет.

Қорғаныс министрлігі қорғаныс ауқымындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган ретінде, бірінші кезекте мықты қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне мүдделі екенін айта кетелік.

Қорғаныс министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, отандық кәсіпорындарда келешекте өнім шығаруды дамытудың жобалары бойынша бірыңғай ұстаным әзірлеу туралы ұсыныстар енгізілді.