Бұдан былай өндірушілер мен импорттаушылар сигареттерді ғана емес, сигараларды, сигариллаларды, кальян темекісін, тіпті электрондық сигареттерге арналған стиктерді де DataMatrix кодымен таңбалауы тиіс. Осы топтардың таңбаланбаған тауарларының қалдықтары 2022 жылғы 1 сәуірге дейін сатылуы мүмкін. Бұл норма «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Үкіметтің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысымен реттеледі.

Сигареттерді цифрлы таңбалау Қазақстанда 2020 жылғы 1 қазаннан бастап міндеттелген. Қазақстан аумағында өндірілетін немесе Қазақстанға импортталатын барлық сигареттер DataMatrix кодымен таңбаланады. Бұл өндіріс кезінде сигареттердің әр қорабына тікелей салу әдісімен беріледі. Онда өндіруші, импорттаушы, тауар партиясының сериялық нөмірі туралы цифрлы ақпарат және оның қозғалысын бақылау үшін қажетті басқа да мәліметтер «тігілген». Бұл кодты криптоқорғаныстың нәтижесінде қолдан жасау мүмкін емес.
Таңбаланған тауар туралы ақпарат Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне (ТТҚАЖ) енгізіледі. Кейіннен өнім оны сататын орындарға түседі және 2D-сканер немесе Naqty Sauda мобильді қосымшасы арқылы айналымнан шығарылады. Тауардың өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатуға дейінгі барлық жолын ТТҚАЖ-да қадағалауға болады.
«Қазақстанда баламалы темекі өнімдерінің сегменті негізінен (жалпы көлемнің 90%-дан астамы) электрондық сигареттерге арналған стиктермен ұсынылған. Бұл топтың негізгі импорттаушылары – Philip Morris және BAT. Бұл компаниялар өткен жылы сигареттерді таңбалау енгізілгеннен кейін таңбалау жабдықтарын орнатқан, сондықтан олардың стиктерді таңбалау шығындары аз болады», деді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.
Жалпы, болжамдық көрсеткіштер бойынша стиктер сегментінің көлемі 2021 жылы 100 млн қорапты құрайды, бұл 55 млрд теңгеден астам қаражат.
Сигаралар мен сигариллаларды Қазақстан нарығына жеткізушілердің қатары мол. Сондықтан жеткізушілер үшін стикеттеу және заттаңбалау сияқты цифрлы таңбалаудың қосымша тәсілдері айқындалды. Бұл таңбалау жабдықтарына күрделі шығындарды талап етпейді.
Басым бөлігін көлеңкелі айналым құрайтын балама темекінің сегменті кальянға арналған темекі болып саналады. «Біздің бағалауымыз бойынша кальян темекісінің 90%-ы – «көлеңкелі». Мұның себептерінің бірі – кальян темекісі үшін акциздің жоғары мөлшерлемесі. Бұл басқа темекі өнімдерінен ерекшеленбейді. Дегенмен бұл өнімдегі темекінің мөлшері 20%-ды ғана құрайды. Осы сегментті «ағарту» бойынша шараларды күшейту үшін біз мемлекеттік органдарға акциздік мөлшерлемені төмендету мәселесін жұмысқа алуды ұсынамыз. Мұндай тәжірибе Ресейде бар. Онда кальян темекісіне акциздік мөлшерлеме кальян темекісіндегі темекі шикізатының пайыздық құрамымен анықталады», деді Цифрлық экономиканы дамыту орталығы Зерттеу және әзірлеу орталығының директоры Алмат Исмаилов.
Жалпы, 2020 жылы Қазақстанда темекі өнімдері нарығының көлемі 1 млрд 200 млн қорап немесе 660 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сарапшылардың бағасы бойынша көлеңкелі айналым 33 млрд теңгені құрады. Міндетті цифрлы таңбалауды енгізу нарықты айтарлықтай «ағартуға» көмектеседі.
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 16:01
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:52
Дәрігер мамандықтарына грант санын көбейту қажет – Президент
Білім • Бүгін, 15:42
Қостанайда тұрғын үйден шыққан өрттен әйел адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:41
Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кешенді жоспар жобасы дайын
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Бүгін, 15:31
Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев
Президент • Бүгін, 15:28
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Атырау облысындағы Ресеймен шекаралас бекетке қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Бүгін, 15:17
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Бүгін, 15:12
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Бүгін, 15:09
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Бүгін, 15:08
Үкімет пен өңірдегі әкімдіктердің міндеті – жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Мемлекет басшысы Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайтынын айтты
Президент • Бүгін, 14:56
Бүгін бокстан әлем біріншілігінің финалдық сайыстары өтеді
Бокс • Бүгін, 14:50
Елордада вакциналау пункті бар СОО-лар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Бүгін, 14:30
Президент Жайық өзенінің тартылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді
Президент • Бүгін, 14:30
Ұқсас жаңалықтар