Бизнес • 08 Сәуір, 2021

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары жалғасады

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев кәсіпкерлердің кредиттері бойынша салықтық ынталандыру және борыштық жүктемені төмендету бойынша қосымша қолдау шараларын таныстырды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары жалғасады

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында кәсіпкерлердің кредиттері бойынша салықтық ынталандыру және борыш жүктемесін азайту бойынша қосымша қолдау шаралары әзірленді», деді министр.

Ә.Ерғалиевтің айтуынша, ШОБ-ты қолдау үшін зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан барлық салық пен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылды. Бұл норма 500 мың кәсіпкерге қатысты. Са­лықтар мен төлемдерді кейінге қалдырудың болжамды сомасы – 67 млрд теңге. Сондай-ақ салықтық және ке­дендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылады. Бұл 374 млрд теңге берешек сомасы бар 90 мың биз­нес субъектісін қамтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық экономика минис­тр­лігінің басшысы аталған кейінге қалдыру шаралары 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шіл­де аралығында әрекет ететінін атап өтті.

«Сондай-ақ тауар­ларға ілеспе жүкқұ­жат­тар мен электронды шот-факту­ра­ларды ресімдеу бойын­ша қа­нат­қақты жобаны іске асыру 2021 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға ауысты­­рылады. «Ата­мекен» ҰКП мен Қаржы­лық нарықты реттеу және дамыту агенттігімен бірге эконо­миканың неғұрлым зардап шеккен салаларында ШОБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау кезеңін ұзарту мәселесі пысықталды», деді министр.

Осы ретте 6 мыңнан аса ШОБ субъектісіне қол­дау көрсетіледі. Кредит қоржы­ны­ның сомасы – 425,5 млрд теңге.

«Субсидиялау мерзімін 2021 жылғы 1 сәуірден 1 шіл­деге дейін анықтау ұсыны­лады. Субсидияларды бағалау құны – 8,8 млрд теңге. Бар­лық жоғарыда айтылған қол­дау шаралары бойынша қа­жет­ті заңнамалық түзетулер әзір­ленді», деді ҰЭМ басшысы.