Руханият • 16 Сәуір, 2021

«Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференция басталды

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 16 сәуір күні сағат 15:00-де Елбасы кітапханасында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференция басталды

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Мәдениет және спорт министрлігі және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр.

Конференция барысында 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бейресми саммитінің тарихи қорытындыларын сараптамалық деңгейде талқылануда.

Іс-шараның модераторы Елбасы кітапханасының директоры Б.Темірболат.

Конференцияға қазақстандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар қатысып отыр. Олардың қатарында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ш. Нұрышев, Түркия Республикасы Президентінің кеңесшісі Я.Топчу, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Б.Әміреев, Әзербайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Әзербайжандағы Ататүрік орталығының төрағасы Н.Джафаров, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д. Қыдырәлі, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Б. Чакыджи, археолог З.Самашев, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің «Философия және руханият негіздері» кафедрасының меңгерушісі Н.Шермухамедова және басқалар бар.

Соңғы жаңалықтар