Әуежай мен теміржолдың заман талабына сай болуы кез келген ірі қалалардың дамуының басты кепілі. Әсіресе, елдегі ірі мегаполистер үшін іркіліссіз көлік логистикасы экономикалық, туристік әлеуетін де арттыра түспек. Бұл ретте үшінші орталық атанған Шымкенттің әуе және құрлықтық қақпаларының сапасы сын көтермейтіні баршаға белгілі.

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қала әкімдігі ел Үкіметіне Шымкент әуежайын жаңғырту бойынша инвестициялық бағдарлама ұсынған. Нәтижесінде, шаһарда жаңа терминалдың құрылысы басталған болатын. Елдегі жетекші əуе компанияларының бірі қолға алған ауқымды жобаның инвестициялық құны – 17,5 млрд теңге (Жобаның жалпы құны – 18,7 млрд теңге).
Анығында, түстіктегі туризмнің қақпасы атанған әуежайдың ескі терминалының жолаушыларды өткізу мүмкіндігі төмендеген. Мәселен, 1932 жылдың наурыз айында пайдалануға берілген әуежай қызметін тұтынушылар саны 2016 жылы 621 мың жолаушыға жетсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 23 пайызға артқан. Демек, жолаушылар айналымының артуынан жыл өткен сайын әуе айлақтың тынысы тарыла түсуде. Енді сағатына 2 мың адамды өткізуге қауқарлы жаңа нысанның құрылысы аяқталса, көпшілік кезекте тұрудан құтылып, діттеген жеріне уақтылы жетер еді.
Бүгінде жолаушылар терминалындағы құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі толығымен аяқталып, екінші кезеңі қарқын алуда. Қасбеттік жүйелерді толықтай монтаждау 2021 жылғы 15 маусымға жоспарланған. Қазіргі таңда бірегей жоба құрылысының 60 пайызы аяқталды.
Былтыр қала әкімдігі 912 млн теңгеге әуежай ғимараты алдындағы автотұрақты абаттандырған. Ал жобалық құны 1,7 млрд теңгені құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар осы жылдың бірінші жартысында аяқталмақ. Бұдан өзге инженерлік желілерді салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, аталған желілерді тартуға осы жылдың соңына дейін уақыт берілген.
Әуежайда қазір 14 әуе рейсі бар болса, олардың санын 2030 жылға дейін 50-ге өсіру жоспарланған. Жобаға сәйкес, 3 қабаттан тұратын ғимараттың алаңы 28 171 шаршы метр болып, 4 телескоптық дәлізбен қамтамасыз етіледі. Осылайша, 2,8 гектар жерде бұрынғыдан 10 есеге артық жолаушыны өткізе алатын жаңа терминал жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Мемлекет басшысы елдегі көлік-логистика саласын дамытуға байланысты нақты тапсырмалар беріп, осыған сәйкес көптеген жоба әзірленді. Қазақстан логистикасының сапасы жақсарып, Дүниежүзілік банк рейтингінде үздік 40 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп отыр.
Шымкент әуежайын жаңғырту сол межеге жетудегі баспалдақ болып саналмақ.
ШЫМКЕНТ
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар