Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Ақтөбеде облыстық музейдің жәдігерлері қараусыз қалды

354 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыдан 3 жыл бұрын Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа ғимаратқа көшкен еді. Алайда ескі ғимаратта кей жәдігерлер қараусыз қалып қойған, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде облыстық музейдің жәдігерлері қараусыз қалды

1929 жылы өткен өлке тарихы көрмесінен бастап музейде жәдігерлер жиналды. Бастапқыда жәдігерлер жеке меншік үйге орналастырылды. Ал 1967 жылдың 6 маусымында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қатысуымен облыстық тарихи-өлкетану музейінің ашылу салтанаты өтті.

1

2015 жылы ғасырлық тарихи бар музей авариялық деп танылып, тек қызметкерлері күнделікті жұмысын жалғастырды. Арада 3 жыл уақыт салып музей ұжымы қаладағы Батыс-2 ауданында заманауи нысанға көшіп барды.

Ескі ғимарат қараусыз қалғандықтан, кез келген тұрғын оны оңай бұзып кіре алады. Осы орайда Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали уәжін білдірді.

«Біз негізгі экспонаттарды көшіріп алдық. Ал өзгесі есептен шығарылған. Қалған ауа баптағыш, ветриналар арнайы мекеменің көмегімен жойылады. Өзге заттар туралы айтсам, музей қорына кірмеген. Ол да қоқысқа лақтырылмайды, тек жойылуы тиіс. Алдымен конкурс жариялап, жеңімпаз анықталуы керек. Негізі екі жыл бойы ғимарат музейге тиесілі болды. Ол кезде ешкім есігін ашпады. Бос тұрған соң күзет қызметі болмады, дегенмен мүлікті бүлдірген адамды көрмедім. Ал кітапхана балансына өткен соң қайта-қайта ішіне кіріп, бейнематериал таратып жүр», дейді ол.

1

Биыл ақпан айында өлкетану мұражайының ғимараты Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысымен Алтынсарин көшесіндегі қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің балансына берілген екен.

«Сараптама қорытындысы шыққан соң бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне беріледі. Коворкинг те болады. Экспонаттардың барлығы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тиесілі. Олар алып кетті. Бейсенбі, сенбі күндері жан-жағындағы қоқысты жинаймыз, ішінде емес. Күнде ашық тұрған жоқ. Біз құлып сатып қойдық», деді Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсел Бөлекова.