Қазақстан • 29 Сәуір, 2021

Күре жол – күретамыр

885 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жол адам ағзасындағы күретамырға ұқсайды. Жүректен шыққан қанды дене мүшелеріне түгел таратып, тіршіліктің тініне айналатыны секілді, шиырлы жол да бір қиырды бір қиырға жалғап, жалғастырып жатады. Оған ерекше мән берілетіні де сондықтан. 

Күре жол – күретамыр

Индустрия және инфрақұ­ры­лымдық даму министрлігінің мәлі­метінше, Тәуелсіздік туы көте­рілген 30 жылда елімізде рес­пуб­ликалық маңызы бар 13,4 мың шақырым автокөлік жолы салынып, қайта жаңартылған. Осының нәтижесінде республикалық маңызы бар автокөлік жолдары желісінің бұзылған учаскелері қалпына келді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» секілді 6 негізгі халықаралық транзиттік дәліздің жұмысы жаңа деңгейге шықты. Осылайша, отыз жылғы жүйелі жұмыстың нәтижесінде учас­келердің көліктік пайдалану жағдайы едәуір жақсарды.

Деректерге сүйенсек, 1991 жылы ел бойынша жалпы қолданыстағы авто­көлік жолдары желісінің ұзын­дығы 86 мың шақырымды құраған екен. Бүгінде бұл көрсеткіш 96,8 мың шақырымға тең. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы әрі ауқымды жол жобасы жоғарыда біз атап өткен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкция­лау болды. Құрылыс 2009 жылы Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен басталған болатын. Елбасы бұл жобаны «ғасыр құры­лысы» деп атады.

Қазақстан аумағы арқылы өтетін дәліздің ұзындығы 2787 шақырымды құрады. Жобаны іске асыруға 60-тан астам құрылыс-жол компаниясы тартылды. 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. 47 жаңа өндіріс орны құрылды және жұмыс істеп тұрған 8 нысан кеңейтілді. Құрылыс 2017 жылы аяқталды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде жол жүру уақыты екі есеге қысқарып, көлік ағыны айтарлықтай ұлғайды. Бүгінде дәліз бүкіл ел бойынша тран­зиттік жүктердің шамамен 90 пайызын қамтамасыз етеді. Мәселен, 2019 жылы бұл арқылы 1,71 млн тонна жүк тасымалданған. Транзиттік дәліздің жылдық орташа экономикалық тиім­ділігі 190 млрд теңгеден асады. Бұдан бөлек, мұнда орын алатын жол-көлік оқиғаларының үлесі 27 пайызға төмендеген. Сол секіл­ді дүкен сөрелеріне түсетін тауар­лардың түп­кілікті бағасындағы көлік ком­понен­тінің үлесі азайып, бұл жағ­дай жалпы бағаның арзандауына алып келді.

Бүгінде жол инфрақұрылымын дамытуда 2020-2025 жылдарға ар­налған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының алар орны ерек­ше. Бағдарламаның бірінші бес­жылдығы 2020 жылы аяқталды да, былтыр екінші бесжылдық бас­талды. Алғашқы бесжылдық аясында 3 мың шақырым жол салынып, реконструкцияланды. Жақсы және қанағаттанарлық жағ­дай­дағы республикалық маңызы бар авто­көлік жолдарының үлесі 88 пайызға, ал жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 71 пайызға дейін көтерілді.

1

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Бағдарламаның екінші бесжыл­дығында 11 мың шақырым жол ретке келтіріледі. 

Республикалық жолдар желісінде ақы төлеу жүйесін енгізу жұмыстары жалғасады. 2020-2025 жылдар аралығында 11 мың шақырым жолды ақылы ету көзделіп отыр. Қазіргі уақытта барлығы 682 шақырым жол ақылы жолдар қатарына енгізілген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша қолданыстағы ақылы 4 учаскеден 5,7 млрд теңге қаражат жиналды. 2021 жылы 29 млрд теңге түсім түседі деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024