Жақында Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен облыс бойынша «Ізгілікті қоғам» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы келеңсіз жағдайлар мен қалыпты емес психологиялық дағдарыстың алдын алу.

Аталған семинар-тренинг Түркістан мен Кентау қалаларында басталып, облыс бойынша барлық аудан мен қаланы қамтыды. Онда тәжірибелі психолог маман адамның ойы мен эмоциясы, ішкі сезімдері арқылы дұрыс жұмыс істеу турасында психологиялық терапия өткізді. Келеңсіз жағдайға тап болған жастарға мәселеден шығу жолдары бойынша семинар жүргізілді. Одан бөлек, тренинг барысында жастардың көшбасшылық қабілетін арттыру, өзіндік қалыптасуына ықпал ететін жаттығулар көрсетілді.
Бұл психологиялық семинар-тренингті ұйымдастырған облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Амалбек Өміртайдың айтуынша, бұл іс-шара жастардың қоғамда өз орнын табуына, эмоциясын басқаруына, ойлау жүйесінің дамуына ықпал етеді.
Пандемияға байланысты онлайн және офлайн форматта жүргізілген семинар-тренингке 3200 жас қатысты. Оның ішінде карантиндік талаптар қатаң сақтала отырып, 800 адам офлайн форматта сабақ алса, 2400 жас Zoom платформасы арқылы онлайн қатысып, пайдалы ақпаратпен сусындады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өңір жастары үшін пайдалы болды. Себебі адам ұзақ уақыт үйде отыру және үнемі цифрлы құрылғыларға қарап отыру әсерінен психологиялық дағдарысқа түсетіні анық.
Психологтер қазіргі таңда жастардың бойына үміт пен сенім ұялату арқылы жылы сезімдерді дамыту керек екендігін айтады. Психологиялық тренинг барысында жастар мен жасөспірімдер арасында өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білу маңыздылығы сөз болып, оның жолдары талқыланды. Оған қоса, делинквентті (заң бұзу) және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, сындарлы түрде мақсатқа қол жеткізу бойынша психологиялық бағыт-бағдар берілді.
Семинар-тренингте қамтылған өзекті мәселелерінің бірі – бүгінгі жастардың өз-өзіне қол жұмсауы. Осы ретте суицидтің алдын алу, жақын адамдармен күнделікті қарым-қатынаста дұрыс болу, жан дүниеге үңіле отырып, сау азаматты қалыптастыру жолдары талқыланып, мамандар өз тәжірибелерін бөлісті.
Жастар арасында өзекті мәселелерді алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Ізгілікті қоғам» облыстық семинар-тренингі өңір жастарына ерекше серпіліс берген жоба болды. Себебі жоба форматы еркін болғандықтан, ең алдымен, жастар бір-бірін танып білу үшін «Бүгінгі күнге сәлем!» деген ойын арқылы танысып көңіл көтерсе, екінші ретте жастарға салмақты ой салар «Отбасындағы қарым-қатынас» тақырыбында әңгіме өрбіді. Әрине, аталған тақырыпта әр жастың өз көзқарасы бары анық. Олар өз ойын ортаға салып, пікірін ортаға салды. Ойдан ой туады демекші, жастар бір-біріне жақсы ой айтып, үлгі бола алғандай.
Десе де қазіргі жастардың белсенділігі олардың психология ілімінен алыс еместігін, дағдарыстың алдын алуға тырысатындығын байқатты. Ал семинар-тренинг жастарға жеке тұлға ретінде дамуға, психикалық денсаулықты нығайту мен жетілдіруге, өзін өзі дұрыс бағалауды және өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыруға, сондай-ақ шиеленіскен шектеулі жағдайларда психологиялық тұрғыдан ұтқыр болу қабілетін меңгеруге ықпал етті.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар