Қазақстан • 26 Мамыр, 2021

Министр: Радикалды діни ағым құрбандарын оңалту – ұзақ мерзімді жұмыс

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде «Жусан» операциясымен елге жеткізілген әйелдердің 95 пайызы радикалды діни сенімінен толық бас тартқанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр: Радикалды діни ағым құрбандарын оңалту – ұзақ мерзімді жұмыс

«Радикалды діни ағым құрбандарын оңалту – әрине ұзақ мерзімді жұмыс. Бұл психологиялық, заңды-құқықтық, әлеуметтік, медициналық кешенді көмекті қажет етеді. Оның ішінде психологтардың, теологтар мен имамдардың кәсіби білігіне қойылатын талап өте жоғары. Бұл орайда, еліміздің барлық өңірінде «Ақниет» оңалту орталығының филиалдары жұмыс жасайды. Соның ішінде, әсіресе «Жусан» операциясымен елге жеткізілген әйелдер мен балаларды оңалту – ең басты назарда. Жүйелі де сапалы жұмыстар нәтижесінде бүгінге дейін елге оралған әйелдердің 95 пайызы радикалды діни сенімнен толық бас тартты», деді Аида Балаева.

Бұдан бөлек, ведомство басшысы елімізде діни ахуал тұрақты екенін, жат діни ағымдардың алдын алу мен оның құрбандарын оңалту жұмыстары жүйелі жолға қойылғандығын тілге тиек етті.