Еуропа Одағы Беларусьтің Ryanair ұшағына қатысты оқиғадан кейін санкция жариялады. Дүйсенбіден бастап бірқатар мемлекет өз әуе кеңістігінен Беларусь ұшағының өтуіне тыйым салып, өздері де Беларусьті айналып өтетінін мәлімдеді.

Оқиғаның негізгі себебіне тоқталайық, 23 мамырда Афинадан Вильнюске бағыт алған FR4978 рейсі Минск әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ирландиялық әуе компаниясы Беларусь үкіметі ұшақты Минскіге қарай бағыттады дейді. Лайнермен бірге Беларусь көкке МиГ-29 жойғыш ұшағын да көтерген. Дегенмен Минск бұл мәлімдемені жоққа шығарып, ұшақтың өзі төтенше жағдай туралы белгі берді деп хабарлады. Арнайы тексерістен кейін ұшақта кінәрат табылмағаны мәлім болды. Бір қызығы, 7 сағат кідірістен кейін діттеген бағытына аттанды. Алайда бортта болған беларусьтік журналист Роман Протасевич пен оның серігі София Сапегиге рейсті жалғастыруға рұқсат берілмеді.
Бұл жайт Еуропаны бейжай қалдырмады. Германия канцлері Беларусь мәлімдемесіне сенбейтінін ашық айтты. Одан кейін Одақ мүшелері келісіп, санкция салатынын хабарлады. Еуропа Одағы, сонымен қатар, Беларусь әуе кеңістігін айналып өтуге шақырды. Еуропа әуежайлары Беларусь ұшақтарына қызмет көрсетпейтін болды.
Бұл шешім туралы жазылған құжатта көліктік қатынастан бөлек, Роман Протасевич пен София Сапегиге бостандық талап етіп, олардың ел арасында жүрулеріне тыйым салмауын талап етті. Оған қоса, Халықаралық азаматтық авиация ұйымына бұл жайтты егжей-тегжей зерттеуді тапсырды.
Ангела Меркель болса, «Бәріміз ұшақта болған беларустік оппозиционер Протасевичтің ұсталғанын көрдік. Бұдан кейін қандай да бір мәлімдеменің шындыққа ұласпайтыны анық. Алда жоспарланған Брюссельдегі кезектен тыс саммитте Еуропа Одағы ұшақты мәжбүрлі түрде қондыруға қатысты жауапты талқылайды. Беларуске қарсы қандай шара қолданатынымызды да сол кездесуде шешеміз. Бұл – еуропалық ортақ шешім болады», деді.
Ал 26 мамырдан бастап Украина, Польша, Канада, Швеция мен Чехия Беларуске ұшатын рейстерді тоқтатты. Минск – Украина үшін Ресеймен байланыстыратын транзит аймағы еді. Ал пандемия кезінде ресейліктер Минск арқылы Түркия мен Грузияға ұшып жүрді. Лондон, Париж, Вильнюспен қатар, тағы да он шақты Еуропа қаласы «Белавия» ұшағын қабылдамайтынын хабарлады.
Ұшақтар қауіпсіздігі еуропалық агенттігі қауіпсіздік мақсатында әуе компанияларына Беларусь әуе кеңістігін айналып өтуге кеңес берді. Air Baltic, Air France, Finn Air, Wizz Air сынды еуропалық компаниялардан кейін 25 мамырда All Nippon Airways и Singapore Airlines сынды азиялық тасымалдаушылар да қатынасты тоқтататынын мәлімдеді.
Қазақстандық әуе тасымалдаушысы Air Astana 31 мамырдан бастап Минскіге қатынайтынын хабарлаған-ды. Алайда бірнеше күн бұрын коммерциялық себептерге байланысты бұл рейс іске қосылмайтынын мәлім етті. Ал Ресей әуе қатынасы тоқтамайтынын білдірді. Росавиация Беларусьпен байланыс штаттық режімде жалғасып жатқанын жариялады. «Интерфакс» агенттігі: «Ресей Беларусь арқылы азаматтық ұшақ транзитін тоқтатпайды», деп жазды.
Беларусь әуе кеңістігінен тәулігіне 339 рейс ұшып өтеді екен. Reuters агенттігіне Еуропалық бақылау агенттігі Ұлыбританиядан күн сайын 100 рейс Беларусь арқылы қатынайтынын, енді олар 75 шақырым артық жүруі тиістігін айтты. Сонымен қатар ведомство «Жаңа жолмен ұшу әуе компаниялары үшін қосымша уақыт пен жанармайды қажет етеді», деді.
Осы уақытқа дейін Беларусь үкіметі әуе кеңістігін қолданған әуе компанияларынан Airbus SE A320 ұшақтары үшін 245 еуро, ал үлкен ұшақтар үшін 770 еуро алып отырған. Бұл жаңалық үкімет үшін де, «Белавия» әуе компаниясы үшін де тиімсіз екені анық.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар