Үкімет • 01 Маусым, 2021

Вакциналау паспортын Ashyq қосымшасына енгізу керек – Асқар Мамин

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакциналау паспортын Ashyq қосымшасына енгізу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакциналау паспортын Ashyq қосымшасына енгізу керек – Асқар Мамин

«Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компоненті 2,1 милионнан астам адамға, екінші компонент 1 милионнан астам адамға егілді. Маусым айында вакцина қорын 2 млн бірінші және 2 млн екінші компонентпен толықтыру бойынша шаралар қабылданып жатыр», деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ Үкімет басшысы вакциналау паспортын Ashyq қосымшасына енгізуді тапсырды.

«Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, Ashyq мобильді қосымшасының тиімді жұмыс істеуі, қосымшаны қызмет көрсету салаларында кеңінен қолдану бойынша шаралар қабылдауы қажет. Вакциналау паспортын Ashyq қосымшасына да енгізу керек», деген Үкімет басшысы аталған жұмыстарды бақылауды Ералы Тоғжановқа жүктеді.