Медицина • 03 Маусым, 2021

Катерлі ісіктің емі табылды

2360 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шотландиялық ғалымдар қатерлі ісік пен бактерия жасушаларын жақын маңдағы сау тіндерге зиян келтірмей жоюға қабілетті «Троян жылқысы» дәрісін сынақтан өткізді, деп жазады Egemen.kz  London Evening Standard порталына сілтеме жасап.

Катерлі ісіктің емі табылды

Эдинбург университетінің зерттеушілері «қатерлі ісіктерді өлтіретін SeNBD молекуласын» қатерлі жасушалардың көзін жоятын химиялық тағамдық қоспамен араластырып, адамдардың жасушаларына тиісті эксперимент жүргізді. Зерттеу барысында сарапшылар рак клеткалары «ашкөз» екенін, сондықтан сау жасушаларға қарағанда көп энергияны қажет ететіндігіне тағы бір көз жеткізді.  

Сарапшылар әзірленген препаратты «трояндық жылқымен» салыстырады, өйткені олар ракты өлтіретін SeNBD молекуласын тағамдық қоспаға араластырып дайындайды.

Эдинбург университеті бұл зерттеу «жаңа емдеу әдістерін жасаудағы маңызды қадам» деп атап өтті. Сонымен қатар ғалымдар қатерлі ісік ауруын ерте сатысында емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігін растау үшін қосымша тәжірибелер ұйымдастыру қажет деп сендіреді. Ғалымдар бұған дейін көк шайдың құрамында қатерлі ісік ауруынан қорғаныш тапқан. Бұл сусынның құрамындағы антиоксидант эпигаллокатечин галлат (EGCG) қатерлі ісікке қарсы қуатты р53 ақуызының деңгейін жоғарылатады, ол «геном қамқоршысы» деп аталады.

«Бұл зерттеу, әдетте, өте қауіпсіз жарық сәулемен араластырып отырып жүргізеді, жаңа терапия әдістерін дамытудағы маңызды қадам болып табылады», деді Эдинбург университетінің трансляциялық химия және биомедициналық бейнелеу кафедрасының меңгерушісі, профессор Марк Вендрелл. 

Бұған дейін, 30 мамырда, ресейлік  онколог және хирург Иван Карасев рак жасушалары сау адамдарда да кездесетінін, адамның иммунитеті әлсіреп кеткен кезде олардың күш алып кететінін айтқан болатын. Сарапшының айтуынша, адам  ағзасында рак клеткалары күш алып кетпеу  үшін   қалыпты кем дегенде сегіз сағаттық ұйқы, күніне кемінде 10 мың қадам жау жүру және күніне  аз мөлшерде бірнеше рет тамақтану  қажеттігін айтқан болатын.

2020 жылдың соңында британдық онкологиялық зерттеулер институтының ғалымдары ісіктің алты түріне қарсы тиімді деп танылған революциялық препаратты клиникалық сынақтан өткерген болатын.

Инновациялық терапия «трояндық ат» қағидаты бойынша жұмыс істейді: әзірлеушілер улы молекулаларды зиянсыз антиденемен бүркемелеп, дәрі-дәрмекті «жасырды». Осылайша, ол ісікке тікелей түсіп, оған іштен соққы жасайды. Бұл сынақ қатерлі ісік ауруының соңғы стадиясындағы, ешбір ем қонбаған науқастарға қолданды. Препарат жатыр мойны мен қуықтың қатерлі ісігіне қарсы күресте ең жақсы нәтиже көрсетіпті. Ем қонбаған науқастардың төрттен бір бөлігінде айтарлықтай жақсарулар байқалды. Ісік мөлшері бойынша кішірейіп немесе толығымен өсуін тоқтаттқан.