Бұл тұрғыда елімізде жас мамандарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған. Биылдың өзінде аталған бағдарламабойынша 300-ден аса адамды уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Кез келген жұмыс беруші қол астында тәжірибелі маманныңболғанын қалайды. Осындай жағдайды басынан өткерген Шымкент қаласының тұрғыны Усеинов Шарханның айтуынша, еңбек өтілі болмаса, оқу орнын кеше ғана бітірген жастардың мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы қиын-ақ.
«Жоғарғы оқу орнын бітіріп, қолыма дипломды алған соң өз мамандығым бойынша жұмыс іздеп, біраз мекеменің табалдырығын тоздырдым.Түрлі органдарға жүгіндім. Барлық жер менен еңбек өтілін сұрады. Оқуды жаңа бітірген жас маманда еңбек өтілі қайдан болсын. Тіпті жарты айлыққа тәжірибе жинау үшін де ешқандай мекеме жұмысқа алмады», дейді ол.
Мұндай жағдайға көптеген түлек тап болады. Кешегі студенттер үшін мемлекет«Жастар тәжірибесі»бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламаға бұрын ешқандай жерде жұмыс жасамаған, диплом алғанына 3 жыл болмаған 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Бар болғаны жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азамматтық хал актілерін тіркеу бөліміне барып тиісті құжаттарды тапсыруы керек.
Осыдан екі жыл бұрын«Жастар тәжірибесі» арқылы «екі қолға бір күрек» тапқандардың бірі– Диас Қасымов.
«Университет бітірген бете әскерге кеттім. Келгеннен кейін бірден «Жастар тәжірибесі» бойынша құжат тапсырдым. Себебі жұмыс берушілер еңбек өтілін сұрайды. Ал бұл– жақсы мүмкіндік. Тәжірибе жинақтайсың, еңбекақы аласың, зейнетақы аударымдарың жүріп жатады. Ақшасы аз демеймін, мүлдем төленбесе,бұдан да жаман болуы мүмкін еді ғой», дейдіол.
Мемлекет жас мамандарды 6 айға жұмысқа орналастырады. Қаржыландыру мемлекет тарапынан болады. Ай сайынғыжалақы – 25 АЕК көлемінде, яғни 72 925теңге.
«Жастар тәжірибесі»– еңбек жолын жаңадан бастаған жастарға таптырмас мүмкіндік. Жауапты мамандардың айтуынша, бағдарламаға қатысушылардың көбі өздерінжақсы маман ретінде көрсете отырып, жолдама алған жеріне тұрақты орналасады.
2021жылы дәл осы бағдарлама арқылы 362 адамды уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бұл мақсатқа мемлекеттен 144млн 549мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңда елімізде медбике, заңгер, техник-бағдарламашы, есеп және аудитмамандары сұранысқа ие.Бір өкініштісі, 2017жылы басталған бұл бағдарламаның биыл соңғы жылы екен.
Сүндет ОРАЛБЕКОВ,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Журналистика» факультетінің студенті