Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Ақкөлде органикалық қалдықтар өңдейтін пилоттық жоба іске асырылады

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақкөл қаласында органикалық қалдықтарды бөлек жинауды және өңдеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақкөлде органикалық қалдықтар өңдейтін пилоттық жоба іске асырылады
Бүгін Экология вице-министрі А.Пірімқұлов Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канесспен және Ақмола облысы әкімінің орынбасары М.Таткеевпен кездесті. Кездесу барысында Ақмола облысының Ақкөл қаласында тамақ қалдықтарын жинау және өңдеу бойынша жоба таныстырылды.

Жобаның қатысушылары «ӨКМ Операторы» ЖШС, қатты тұрмыстық қалдықтармен (ҚТҚ) жұмыс істеу жөніндегі Француз агенттігі – Syctom, француз инженерлік жобалау институты – Setec Énergie Environnement және Ақмола облысының Ақкөл ауданының әкімдігі болып табылады.

2021 жылғы ақпанда «ӨКМ Операторы» ЖШС Syctom-мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, оның шеңберінде «ӨКМ Операторы» ЖШС, Syctom, Ақмола облысының әкімдігі және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жобаны іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Жобада Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы ҚТҚ органикалық (тағамдық) фракциясымен (бұдан әрі – ҚТКОФ) жұмыс істеу бойынша зерттеу жұмысын (ТЭН) көздейді. ТЭН сәтті орындалған жағдайда, Syctom және «ӨКМ Операторы» ЖШС кейіннен айқындалатын ТЭН шешімдерін іске асыруды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар мен жауапты ұйымның қатысуымен ҚТКОФ-ты компостирлеу арқылы бөлек жинауды және дайын өнімге қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруді қаржыландыруды жоспарлап отыр.

ТЭН-де ҚТКОФ-тың пайда болу көздерін, ҚТКОФ-ты бөлек жинауға арналған контейнерлердің (сыйымдылықтардың) және ҚТКОФ-ты қайта өңдеу (компосттау) жөніндегі жабдыққа жеткізуге арналған арнайы техниканың санын анықтау жоспарлануда. Бұдан әрі бірінші жыл ішінде Ақкөл қаласының жабдығы мен техникасын сатып алу және беру, екінші жыл ішінде қызметке мониторинг жүргізу көзделеді.

Француз тарапы қалдықтарды қайта өңдеу (компосттау) жөніндегі жабдықты сатып алуды және жеткізуді қаржыландырады, ал Оператор оларға қызмет көрсету үшін контейнерлер (сыйымдылықтар) мен арнайы техниканы сатып алуды және жеткізуді қаржыландырады деп күтілуде. Сондай-ақ, алынатын өнімге оның қолданылу саласын бекіте отырып, ұлттық стандартты (техникалық компост) енгізу жоспарлануда.

Кездесу барысында А.Пірімқұлов қалдықтарды бөлу және қайта өңдеу бойынша мұндай жобалар қажет екенін және болашақта үлкен перспективаларға ие екенін атап өтті.