Технология • 16 Маусым, 2021

Жеке IP-телефония инфрақұрылымын жобалады

371 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жаңа технологияларды енгізу және дәстүрлі телефоннан бас тарту арқылы банк жабдыққа жұмсалатын күрделі шығындарды 43,4 млн теңгеге дейін қысқарта алды.

Жеке IP-телефония инфрақұрылымын жобалады

Пандемияның салдары жа­ңа жағдайда кор­­поративті жұмыс­шылардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін тың тех­никалық тәсілдерді қажет ететін гибридті жұмыс пен мобильді кеңсеге көшуді күшейтті. Егер бұрын «мобильдік» белгілі бір дәрежеде қызметкерлердің өнім­ділігін шектейтін фактор ретінде қабылданса, қазір техникалық шешімдердің нәти­жесінде олар кеңсе шегінен тыс жерлерде де жоғары көр­сеткіштерге қол жеткізе алады. Қазақстанның даму бан­кі­ өкілдерінің айтуынша, ақпа­раттық қауіпсіздік талаптарын сақтай оты­рып, банктің IT-қызметтеріне бар­лық жерде қол­жетімділікті қам­тамасыз ету қажеттілігі бұрын­нан-ақ пі­сіп-жетілді, алайда коро­на­вирус­тың алғашқы толқыны бас­талған кезде бұл қажеттілік өткір айқындалды.

«Нарық үдерісі өз ереже­лерін талап ететіні белгілі. Дәс­түрлі телефония өзінің таны­малдылығын жо­ғалтты, ес­кірді. Пандемия бұл фак­тіні банкте қабылдауды едәуір жеделдетті. Өйткені карантинде болған кезде корпоративтік стацио­нарлық телефондарға қажеттілік жоғалып кетті. Қазір барлық коммуникация смартфон арқылы өтуде», деді ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары Сандуғаш Кенжебаева.

Банкте IP-телефонияның жеке инфрақұрылымын жобалау 2020 жылдың соңында бас­тал­ды, сол кезде телефония­ны, аудио және бейнеконфе­ренц­ияға байланысты сырт­қы қол­жетімділік мүм­кіндігі­мен бірік­тіретін бірыңғай интегра­ция­­ланған жүйені құру үшін жабдық сатып алынды. Кор­поративтік қоңы­рауларды жү­зеге асыру үшін Cisco Jabber бағдарламалық клиенті қол­­данылады, бұл банктің әрбір қыз­меткеріне екі құрылғыны: ноут­бук пен смартфонды пай­далануға мүм­­кіндік береді. Со­нымен қатар жаңар­тылған инфрақұрылым не­гізінде бей­неконференция қыз­меті ен­гізілді, оның көмегімен үш немесе одан да көп қатысушы дауыстық және бейне байланыс технологиясы ар­қылы жақсы сапада өзара байланыса алады.

Директорлар кеңесінің мү­ше­лері жаңа қызметті сынап көрді. Онлайн режімде ал­қалы органның және коми­теттерінің отырысы өтті, онда ҚДБ жылдық есебін, сондай-ақ тәуекелдер жөніндегі есеп­ті бекіту және банктің да­му стратегиясын жаңарту жөніндегі іс-шаралар жос­парына түзетулер енгізу сынды мәселелер талқыланды.

«Банк қызметкерлерінің бағдар­ламалық өнімдегі тиімді өзара іс-қимылы үшін біз банк­тің әрбір құры­лымдық бөлім­шесіне арнайы қоңырау шалу нөмірі бар жеке бейне­кон­ференц-бөлмелер құрдық, оның барлығы тәулік бойы қол­жетімді. Бейнеконференция қызметі Директорлар кеңесінің жабдықталған залымен бірік­тірілген, бұл конференцияларды түрлі сценарийлерде, бейне және аудио берудің жоғары сапасымен өт­кізуге мүмкіндік береді. Біз қанатқақты отырыстар өткіздік, өнім өзін өте жақсы көрсетті», деді С.Кенжебаева.