Қоғам • 18 Маусым, 2021

Дәурен Абаев: Халық үніне құлақ асатын мемлекет – қоғамның шынайы қажеттілігін түсіну

589 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Ашық диалог» сұхбатының кезекті саны жрияланды. Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев сұхбат барысында Мемлекет басшысының екі жылда атқарған жұмыстары туралы ой қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәурен Абаев: Халық үніне құлақ асатын мемлекет – қоғамның шынайы қажеттілігін түсіну

Дәурен Абаев Қасым-Жомарт Тоқаев үшін президенттіктің алғашқ екі жылы оңай болмағанын еске салды.

«Бәрінен бұрын алғашқы екі жыл Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы үшін күрделі сынақтарға толы болды.

Солардың ішінде ең негізгісі – коронавирус пандемиясы. Әлем енді ғана жаңа жағдайға біртіндеп бой үйретіп келеді. Бірақ оның өзі бәрімізге ауыр келіп жатыр. Арыстағы жаралыс, Қордай оқиғасы, Мақтааралдағы тасқын сияқты елде болған төтенше жағдайларды да ұмытпау керек. Сондықтан бәрінен бұрын Президент осы екі жылда дағдарыс менеджерінің рөлін сәтті орындап шықты деуге болады. Оған ең бір қиын кездерде қоғамды ұйыстыратын күрделі әрі батыл шешімдерді жиі қабылдауға тура келді», деді Президент әкімшілігінің өкілі.

Оның айтуынша, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші Преизденттің ең айшықты ерекшелігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын ұсынуы болып отыр.

«Тоқаев президенттігінің тағы бір айшықты ерекшелігі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізуі.

Бұл – дәл уақытында қолға алынған және өте қажет тұжырым. Бұл жай ғана принцип немесе идея емес, бұл – саясат. Осы саясатты мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейінде баяу әрі дұрыс түсіну болып жатыр. Білесіз бе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қоғамдық ой-пікірге бағдарланумен шатастырмау маңызды. Егер солай болғанда қазір біз вакциналау жүргізіп жатпаған болар едік, карантиндік шектеулер енгізбес едік және көптеген танымал емес шешімдер қабылдамас едік. Халық үніне құлақ асатын мемлекет - қоғамның шынайы қажеттілігін, азаматтардың көкейін түсіну және соны барынша тиімді қанағаттандыру. Әрине, халықтың сұрауы өзгеріп отыруы мүмкін», деді Дәурен Абаев мемлекеттің қолында сол өзгерістерді бекітіп отыратын маңызды әрі салмақты құрал болуы керегін айта келе.

Сондай-ақ ол еститін мемлекет тұжырымдамасына трансформациялану үрдісі ең бірінші Президент әкімшілігінен басталып жатқанын мәлім етті.

«Мемлекеттің қолында елдің көкейіндегі өзгерістерді бекітіп отыратын маңызды әрі салмақты құрал болуы керек. Ол – азаматтармен коммуникация, әлеуметтану, сарапшылық-талдау және басқа да құралдар. Билік органдарында, әсіресе Президент әкімшілігінде осы компоненттердің бәрі байыппен күшейтіліп жатыр.

Біз Мемлекет басшысының идеясын түсінуіміз керек. Тек Халық үніне құлақ асатын мемлекет қана әділетті мемлекетке айнала алады. Ал әділдік – Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі таған», деді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.