Саясат • 22 Маусым, 2021

Жастар кеңесінің отырысы өтті

395 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңе­сіне 2020-2022 жылдары төра­ға­лық етуіне байланысты Нұр-Сұл­тан қаласында онлайн-форматта АӨС­ШК Жастар кеңесінің IV отырысы өтті. Отырысқа АӨСШК мүше-мемле­кет­тердің мемлекеттік органдары мен жас­тар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жастар кеңесінің отырысы өтті

Талқылаудың негізгі тақырыптары: БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына әртүрлі деңгейде (ТДМ) қол жеткізу, сондай-ақ жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге, атап айтқанда ТДМ шеңберіндегі экологияға байланысты жастардың тәжірибесі мен рөлі.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов төрағалық етті. Сондай-ақ іс-ша­раға қатысушыларға АӨСШК Хатшылығының Атқ­арушы директоры Қайрат Сарыбай бейнежолдау жасады.

Өз сөзінде Асхат Оралов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттерді «ағымдағы сын-қатерлерді, соның ішінде жастар мәселелері бо­йынша қиындықтарды еңсеру үшін күш-жігерді шоғырландыруға» шақыру бастамасын атап өтті.

Бұдан басқа Қазақстан волонтерлер рө­лін мойындау нышаны ретінде БҰҰ-ға волон­терлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялауды ұсынды. Өз кезегінде Қазақстан 2020 жылы жариялаған Волонтер жылының тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы аясында және АӨСШК-нің 30 жыл­дығы қарсаңында биыл 1 маусымда Нұр-Сұл­тан қаласында Бейбітшілік және келісім сара­йының аумағында АӨСШК-ге мүше 27 мемлекет өкілінің қатысуымен АӨСШК аллеясын ашудың салтанатты рәсімі өтті.

Жаһандық экологиялық проблемалардың өзектілігін назарға ала отырып, жастар кеңесі­нің төрағасы 2021-2022 жылдары АӨСШК елдерінің жастарын тарта отырып, «Таза планета» бірлескен экологиялық акциясын өткізуді ұсын­ды. Бұл акция әр азаматтың экологиялық мәде­ниетін арттыру бойынша АӨСШК-ге қаты­сушы елдердің тұрақты дамуының маңызды негізі болмақ.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар қабыл­данды. Отырысқа қатысушылар АӨСШК-нің жастар ұйым­дарымен диалог пен әріптестік қа­ты­­настарын жандандыруға, сондай-ақ жас ма­­ман­­дардың әлеуметтік, экологиялық жә­не мә­­дени салаларға қатысуын қолдауға уағ­да­ласты.

Жалпы, қатысушы делегаттар талқыланған мәселелер АӨСШК елдерінде жастар саясатын ілгерілету үшін өзара қызығушылық тудыратынына сенімді.

АӨСШК туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткені белгілі. Бұл бастаманың қозғаушы күші Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамта­масыз ету бойынша тиімді әрі қолайлы құры­лым құруға ұмтылу болды.

АӨСШК Жастар кеңесінің үшінші отырысы 2018 жылы 13-14 сәуірде Баку қаласында өтті, оның қорытындысы бойынша АӨСШК-ге қатысушы елдер жастарының қажеттіліктерін ескеретін ұсыныстар әзірленді.

Отырыс басында қатысушыларға Қазақ­станның мәдени және туристік танымал жерлері туралы бейнеролик көрсетілді.