«Карантин шектеулері мен өнім жеткізудегі кемшіліктер азық-түлік емес тауарларға сұраныстың 20 пайызға жуық төмендеуіне алып келді. Сонымен қатар локдаун ауыл шаруашылығы тауарларының саудасына айтарлықтай әсер етпеді», деді Б. Сұлтанов онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде.
Оның айтуынша, әлем елдерінің базалық азық-түлік өнімдерін қарбалас сатып алуы қазақстандық өңделген ауыл шаруашылығы тауары экспортын 18,1 пайызға арттыруға мүмкіндік берді.
«Ішкі нарықтың тұрақтылығы мен экспорттық тиісті көлемін қамтамасыз ету үшін көршілес елдермен форвардты шарттарды бекітуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда картопты, пиязды, сәбізді және қырыққабаты тиісті кезеңде және өнім жинау мерзімінде өзара жеткізу бойынша келісімді бекітпекпіз. Өнімді жаппай жинау кезеңінде көршілес елдерге 765 мың тоннаға жуық көкөніс жеткізе аламыз. Сонымен қатар біздің нарық ерте пісетін 280 мың тонна көкөніспен уақытылы қамтамасыз етіледі», деді министр.
Нәтижесінде, аталған өнімдерге бағаның құбылуы 7-10 пайыз дәлізінде болады деп ескеріліп отыр.