– Біз адамдардың екпе алуға өздігінен келулерін күтпей-ақ, оларға жағдай жасауымыз керек, – деді өңірдегі эпидемиялық жағдай, вакциналау барысы туралы өткен отырыста облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов. – Қазір вирус мутацияға ұшырап, ауыр асқынуларды тудыратын «Delta» штамы анықталуда. Сондықтан біз тұрғындарға вакцина егудің ынталандыру жүйесіне жүгінуіміз керек.

Мысалы, осындай ынталандыру шарасы «Қазақстан алюминий» АҚ-да қолға алынды. Өндірістік компанияда екпе қабылдаған жұмысшы-қызметкерлерінің еңбек демалыстарына бір күн қосылған. Ал Баянауылдағы «Kristall» демалыс аймағы екпе алған металлургтер ұжымы үшін жаз бойы ашық.
Жалпы, өңірде вакцина алу барысы, ұжымдық иммунитетке жету көрсеткіші әлі төмен деңгейде. Сондықтан, облыс әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы басқа да ұжымдардың «Қазақстан алюминий» АҚ кәсіпорны секілді екпе алу үшін ынталандыру жүйесінің қажеттігіне назар аударуға шақырады.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанованың айтуынша, індетке қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін өңір тұрғындарының кем дегенде 60 пайызына, яғни 450 мыңнан астам адамға вакцина егу қажет. Бүгінде вакциналардың бірінші компонентімен өңір тұрғындарының 22,5 пайызы, ал екінші компонентімен 14,6 пайызы егілген. Тіпті, өндірістік еңбек ұжымдарында, кейбір кәсіпорындарда әлі күнге дейін екпе алу баяу өтуде. Мысалы, Екібастұздағы «Богатырь көмір» ЖШС-да бар-жоғы 10 пайызы, ал «Ертіс орманы» резерватындағы 400 орманшының бірнешеуі ғана екпе алған.
Өңірдің бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев індеттің таралуы бойынша Павлодар облысының қазір «жасыл аймақта» екенін, індет жұқтырудың апталық көрсеткіші 7,6 пайызға төмендегенін жеткізді. Эпидемиялық жағдай, вакциналауды жүргізу барысы және карантиндік шектеу шаралары туралы кезекті №14 қаулының жай-жапсары да түсіндірілді. Жаңа қаулыға сәйкес, отбасылық мерейтойлар, корпоративтік, ұжымдық салтанатты іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ караоке, қорқор тарту, букмекерлік, ойын-сауық және түнгі клубтардың жұмысына тыйым салынады.
– Өткен тәулікте індетті 43 адам жұқтырған, олардың 8-інде ауру белгісі жоқ, – дейді Б.Әлиев. – Өткен апта ішінде 289 адам індетке шалдықса, оның алдындағы маусымның басында 313 адам жұқтырған. Қазір инфекциялық стационарлардағы науқастардың саны 12,2 пайызға төмендеген. Облыс бойынша аруханаларда індеттен 7 науқас емделуде. Вакцинаның 1-ком-
понентін тұрғындардың 13,6 пайызы, 2-компонентін 8,9 пайызы қабылдаған. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде жыл басынан бері 120 науқас көз жұмса, індет жұқтырып қайтыс болғандар арасында жас адамдар да бар.
– Өйткені бұл науқастар үйде емделген, дәрігерге қаралмаған, бірнеше күн өткен соң барып жедел жәрдем шақырған. Көз жұмғандардың арасында 1969, 1977 жылы туған науқастар болды. Ауруханаға түскен кейбір жастарда орта жастағы адамдармен салыстырғанда індет жұқтырып алғаннан басқа аурулары да болмаған. Бұл індеттің таралуының ауыр түрде өтіп жатқанын білдіреді. Ең тиімдісі – екпе алу, – дейді басқарма басшысы Айдар Сейітқазинов.
Сондай-ақ екпе алып ауырған науқастар да болғаны анықталыпты. Қазір облыс орталығындағы емдеу орындарында стационарлық 478 науқас емделуде. Ауруханалардың 27,9 пайызы, жансақтау бөлімдерінің 8,9 пайызы бос емес. Өкпені жасанды желдету құрылғысына 4 науқас қосылған. Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде 35 бала емделуде, олардың 22-сі ауруханада, 7 жүкті әйел індеттің жеңіл түрімен ауырып түскен. Барлық ауруханада қажетті медициналық құрал-жабдықтар дайын. Емханалар жанында 160 мобильді бригада жасақталған. Сонымен бірге, аурухана, емханалар 45 күндік дәрілік препараттар қорымен қамтамасыз етілген. ПТР-тест өткізетін 6 зертхана жұмыс істеуде, олар күніне өңірде 1500-дей зерттеу шараларын жасайды.
Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің мәліметінше, облысқа ПТР теріс нәтижесі бар анықтамаларды ұсынбаған Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары шекарадан жіберілмеді. Соңғы тәулікте шекарадан 818 адам өткен, оның ішінде 538 жаяу және 280 жүк көлігі жүргізушісі, еліміздің 9 азаматы карантиндік стационарға орналастырылды.
Павлодар облысы
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Хаменова өз кінәсін мойындаған жоқ
Қоғам • Бүгін, 14:16
ШҚО-да Тарбағатай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:10
Қазақстанда жылқы еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 14:02
Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:29
«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 13:12
Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі
Қоғам • Бүгін, 12:52
Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады
Әлем • Бүгін, 12:43
Магистратура емтиханында 328 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:35
Ата-аналар жекеменшік балабақшаларға шағымданып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды
Қоғам • Бүгін, 12:17
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Ұқсас жаңалықтар