Мемлекет басшысы Türksat 5A бесінші буын телекоммуникациялық жер серігі өзінің орбитаға 2021 жылы 4 мамырда жеткенін және геосинхронды орбитада (31 градус шығыс бойлық) позицияға ие болғанын еске түсірді. 28 маусымда жер серігі Ku-диапазонында жұмыс істей бастады.
Заманауи технологиялардың көмегімен жер серігінің орбитада жүру ұзақтығы 30 жылдан асады. Спутниктік қамту аймағы - Түркия, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Африка, сондай-ақ Жерорта, Эгей және Қара теңіз.
«Түркия болашақта негізгі қауіп-қатерлер ғарыш кеңістігінен - киберкеңістіктен туындайтынын түсінуге негізделген саясат құруда. Сондықтан біз мықты кибер қорғаныс механизмін қалыптастырамыз», деді түрік көшбасшысы.
Айта кетейік, Türksat 5B ұшырылымы 2021 жылдың аяғына жоспарланған. Сондай-ақ Түркия Президенті отандық байланыс спутнигі Türksat 6A сынақтан өтіп жатқанын және оның ұшырылуы 2022 жылға жоспарланғанын атап өтті. Türksat 6A Түркияны спутник өндіретін 10 елдің қатарына қосатын болады.