СТЕНФОРД/ЖЕНЕВА. Covid-19 пандемиясы түрлі басқару жүйелеріндегі қоғамдық денсаулық сақтау саласын сынға салды. Нәтижесінде, елде жіберілген кемшіліктер анықталды. Мысалы, Шығыс Азиядағы елдер (Қытай, Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапония) пандемияны Америка мен Еуропаның көптеген мемлекетіне қарағанда жақсырақ бақылай білді.

Бірақ бұл нәтиже кей сарапшылар айтқандай, авторитарлық үкімет пен демократия туралы емес. Шығыс Азияда індетпен күресте табысқа жеткендер қатарында авторитарлық мемлекеттер, сондай-ақ күшті және қарқынды демократиялық елдер бар. Вьетнам секілді кедей елдер көптеген бай мемлекеттен гөрі тиімді әрекет еткенін ескерсек, айырмашылық экономикалық ресурстарға немесе денсаулық сақтау саласындағы білікке байланысты емес.
Ендеше, індетпен күрестегі алшақтықтың артында не жатыр? Оны түсіндіру күрделі екеніне қарамастан, мәселе мынада. Басқару тұрғысынан үш маңызды факторды атап өту керек: мемлекеттік әлеует, әлеуметтік сенім және саяси көшбасшылық.
Індетпен күресте мемлекеттің қабілеті анық болуы мүмкін, бірақ бұл маңызды мәселе. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі күшті емес ел пандемияға ұшырайды. Бұл фактор Шығыс Азия елдеріне үлкен артықшылық берді. Бірақ бәрі мемлекеттің қабілетіне ғана байланысты емес. Денсаулық сақтау саласында кейінгі жылдары үлкен жетістіктерге жеткен Бразилияда қолда бар медициналық мүмкіндік дағдарыстың алдын алуға төтеп бере алған жоқ.
Екінші фактор, әлеуметтік сенім екі мәселеге байланысты. Халық өз үкіметіне сенуі керек. Әйтпесе, денсаулық сақтау саласына ауырлық түседі әрі карантинге қатысты шаралардың орындалуы төмен болады. Өкінішке қарай, мұндай «институттық сенім» соңғы он жылда Латын Америкасы мен Кариб теңізі бассейні елдерінде төмендеп келеді. Сонымен қатар азаматтардың арасындағы сенім, яғни әлеуметтік сенімнің екінші өлшемі бар. Пандемия кезеңінде көптеген елде әлеуметтік сенімнің төмендігі мен әлеуметтік айырмашылық салдарынан індет өршіп, зардабы ауыр болды.
Үшінші фактор – саяси көшбасшылық. Қоғамда туындаған төтенше жағдай кезінде иерархия бойынша мемлекеттік институттардың жоғары жағындағы адамдар шешуші шаралар қабылдауға құқылы. Олардың кім екені және қандай мақсат көздейтіні аталған саясаткерлер әрекетінің тиімділігін анықтауға әсер етеді. Кей саяси лидерлер пандемияны, негізінен, өздерінің саяси тағдырларына қауіп ретінде қарастырды және соған сәйкес әрекет етті. Басқалары өздерінің қоғамдық мүдделерді қорғаушы ретіндегі рөліне байыппен қарады.
Осы әртүрлі саяси қадамдардың нәтижесіне қарап отырып, пандемияға қарсы күрестің тиімділігі мен тұрақтылығын анық аңғарамыз. Саяси көшбасшылық бүкіл салада кездеседі. Бірақ үкіметтен бастап, жергілікті атқарушы органдарға дейінгі мемлекеттік мекемелер үйлесімді және бірлескен іс-қимыл жасамаса, індетпен күресу тиімсіз болмақ.
Мемлекет әлеуетін шектеулілігі, әлеуметтік сенімнің төмендігі және саяси жетекшіліктің нашарлығы – демократиялық тұрғыда тозғанның белгісі. Жалпы алғанда, пандемия әлемнің демократиялық рецессияға кезігетінін көрсетіп, бұрыннан бері қалыптасып келген қиындықтардың бетін ашты. Біздің ойымызша, бұл қиындықтар бұған дейін қалыптасқан. Соның салдарынан мемлекеттер пандемияға қауқар көрсете алған жоқ.
Covid-19 басталғанға дейін Латын Америкасы мен Кариб теңізі бассейні елдері әлеуметтік наразылық пен саяси тұрақсыздыққа белшесінен батып, жаппай наразылықтар мен популизм қарқын алып келе жатқан. Аймақтағы тұрақсыздық «саяси ыдырау» деп аталатын құбылысты аңғартады. Соған сәйкес, саяси жүйе оң экономикалық және әлеуметтік табыстан кейін күнделікті қажеттілігі өскен халықтың талаптарын қанағаттандыра алмаса, заңды күшін жоғалтады және тұрақсыздыққа түседі.
Латын Америкасының жаңа орта тап өкілдерінің тұрақты экономикалық өсім кезеңінен кейін бұрынғыша қажеттіліктері өтелмей келеді. Оның салдары енді толықтай көрінді. Сыбайлас жемқорлықтың кең тарағанына наразылық пен элита билікті өздерін байыту үшін пайдаланады деген пікір тұрақсыздықты күшейтті.
Басқарудағы бұл мәселенің оңай шешімі жоқ. Мемлекеттік әлеуетке инвестиция салу және әлеуметтік сенімді арттыру ұзақ уақытты қажет етуі мүмкін. Әрі оған жақсы саяси көшбасшылық керек. Соған қарамастан, пандемия кезінде тиімсіз басқаруға тап келген елдердің саяси көшбасшылары өзара байланысты үш салада сындарлы әрекет ете алады. Біріншісі және ең жеделі – мемлекеттік саясат. Пандемияның денсаулық сақтауға, экономикалық және әлеуметтік салаларға түсірген салдарларын жою жөніндегі шараларды жетілдіруге немесе кеңейтуге әлі де кеш емес.
Екіншіден, Латын Америкасы мен Кариб теңізі бассейні елдері кеңірек ойланып, «ойын ережелерін» қайта қараулары керек. Яғни кірістерді қайта бөлу үшін бюджеттік саясатты жүргізу, бірнеше субъектінің нарықты басып алуына жол бермейтін ережелер қабылдау және азаматтық қоғам ұйымдарының саясатты құруға және басқаруға қатысуына тиімді жол қалыптастыру қажет. Бұл ұзақ мерзімді жоба, бірақ келесі пандемиядан сақтануға керекті бүкіл мүмкіндікті жасауға жол ашады.
Соңғысы, өзгерістерді демократиялық жолмен жүзеге асыруға қажет тұлғалардың коалицияларын түсіну маңызды. Өзгеріс саяси жұмылдыруды қажет етеді. Бастысы, «институттар» деп атаған ережелер мен саясатты жасайтын және қолдайтын адамдар, яғни бәріміз екеніміз анық.
Фрэнсис ФУКУЯМА,
Стэнфорд университетінің Фриман Спогли атындағы Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері, FSI-дің Демократия, даму және заң үстемдігі орталығының директоры және Стэнфордтың халықаралық саясат бағдарламасы бойынша магистрі,
Луис Фелипе ЛОПЕС-КАЛЬВА,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы жетекшісінің көмекшісі және Латын Америкасы мен Кариб теңізі бассейні бойынша аймақтық директоры
Copyright: Project Syndicate, 2021.
www.project-syndicate.org
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:17
Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды
Теннис • Бүгін, 11:03
Елімізде 571 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:58
Вакцина салдырғандар саны жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 10:42
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль еншіледі
Білім • Бүгін, 10:33
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:17
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Өнер • Бүгін, 09:16
Бақанаста Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Бокс • Бүгін, 09:12
Халықаралық турнирлерде топ жарды
Теннис • Бүгін, 09:10
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Спорт • Бүгін, 09:07
Қоғам • Бүгін, 09:05
Қоғам • Бүгін, 09:02
Биыл 550 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:01
Спорт • Бүгін, 09:00
Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз
Спорт • Бүгін, 08:59
Шабуылшы азусыз, қорғаушы қауқарсыз болса...
Хоккей • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:57
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:54
Ағаштарға қауіпті бактерияны анықтайды
Ғылым • Бүгін, 08:52
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Ғылым • Бүгін, 08:50
Оңалту орталығының оңтайлы әдістері
Қоғам • Бүгін, 08:49
Білім • Бүгін, 08:47
Тоғыз жолдың торабында тозған вокзал
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Экономика • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:39
Халық пікірін айқындайтын ауқымды іс-шара
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Референдум-2022 • Бүгін, 08:28
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Ұқсас жаңалықтар