Қаржы • 30 Маусым, 2021

Қаржыландыру көлемін ұлғайтты

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының форвардтық сатып алуды ұлғайту жөніндегі тап­сырмасына сәйкес, Азық-түлік келісімшарт кор­порациясы биыл ауыл ша­руашылығы өндіру­шілерін қаржыландыру көлемін ұлғайтты.

Қаржыландыру көлемін ұлғайтты

Атап айтқанда, сатып алы­на­тын дақылдардың тізбе­сі кеңейтілді. Былтыр шаруа­шы­лық иелерінен 4 дақыл түрі сатып алынса, биыл көрсеткіш
9 дақылға дейін ұлғайды. Жұмсақ би­дай, қатты бидай, арпа, сұлы, күн­бағыс, зы­ғыр, рапс, соя, қарақұмық сияқ­ты дақылдар өндірісі қар­жы­ландырылады. Аталған дақыл­дардың барлығы 12 әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге ар­нал­ған шикізат тобына кіреді.
Ауыл шаруашылығы өндіру­шілерінің ұсыныстарын ескере отырып, қаржыландыру ақпан айының алғашқы күндерінен басталған болатын. Бұл көктемгі егіс жұмыстарына уақтылы дайындалуға мүмкіндік берді.
Биыл аванс көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрады. Бүгінде 760 мың тоннадан астам астық келісімшарты жасалды. Салыстырар болсақ, 2020 жылы форвардтық сатып алуға 24,5 млрд теңге жұмсалды. 480 мың тоннадан астық сатып алынды. Яғни қаржыландыру 63 пайызға артты.
«Корпорация ауыл шаруа­шылығы өндірушілерін қаржы­ландыру үшін 2,4 млрд рубль сомасына (шамамен 13,7 млрд теңге) ресейлік биржада облигация орналастыру арқылы ақша­лай қаражат тартты. Еуразия­лық даму банкінде және екінші деңгейдегі отандық банк­­терде кредит желілері ашыл­ды. Корпорация ауыл шаруа­шылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қаражатты сыйақы төлеу арқылы тартатынына қарамастан, форвардтық қаржыландыру пайызсыз, әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорация­лардың кепілдігімен жүзеге асырылады», деп хабарлады Азық-түлік келісімшарт корпорациясы.
Корпорация күз мезгілінде жеткізілуіне қарай астықтың резервтік қорын жаңартады. Елдің мал және құс шаруа­шы­лықтары үшін жем-шөп қо­ры қалыптастырылады. Ұн тар­­ту және өзге қайта өңдеу ұйым­­дары үшін астық қоры құрылады.
«Маусымдық бағаның тұ­рақ­сыздығына қарамастан, сатып алынған астық көлемдері жоғарыда көрсетілген отандық кәсіпорындарға белгіленген бағамен сатылатын болады. Бұл жыл бойы дайын өнімнің бағасын тұрақтандыруға мүм­кіндік береді. Бұдан бөлек, кор­порация отандық ауыл ша­руашылығы өндірушілерін одан әрі сапалы тұқым материалымен қамтамасыз ету үшін тұқым қорын құру мәселесін талқылауда», деп хабарлады Азық-түлік келісімшарт корпорациясы.