Коронавирус • 09 Шілде, 2021

Екпе салдырып, 1 млн теңге ұтып алды

444 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екпе алғандар арасында ақшалай сыйлық ойнату 26-маусымда басталды. Ұтысқа қатысу үшін павлодарлықтар індетке қарсы вакцина алуға келе бастаған. Тәулігіне 4 мыңнан астам адам вакцина алуға келген. Сөйтіп, 4 шілде күні ақшалай сыйлыққа Анастасия Гринченко ие болды.

Екпе салдырып, 1 млн теңге ұтып алды

– Мен миллион теңге алу үшін емес, өзімді және жақындарымды қорғау мақсатында екпе алдым. Жақында осы індет салдарынан туғанымнан айырылдым, – дейді А.Гринченко.

Ал індетке қарсы екпе алғандар арасында ақшалай сыйлық ойнатуды кәсіпкер, шоумен Айдар Құрымбаев бастады. Байқаудың шарты бойынша 26 маусым – 3 шілде аралығында облыс орталығындағы №1, 3, 4, 5 емханаларда, «Almaz Medical Group», «Данель» медициналық ұйымдары мен Теміржол ауруханасының бірінде індетке қарсы екпе алуы қажет болды.

– Екпе алғандар арасында ойна­тыл­ған ұтысқа емханаларда екпе алғандар қатысты. Қатысушылардың бәрі ерікті түрде келді. Ұтыс ойынына қатысу үшін екпе алғаны жайлы анықтама керек. Осылайша сауалдаманы толтырып, емханадағы жәшікке тастады. Сөйтіп, талон толы жәшіктерді жинап, лототронға салдық та жеңімпазды анықтадық. Ұтыс иесін құттықтап, ақшалай сыйлығын табыс еттік, – дейді шоумен.

Шоумен өзінің Instagram желісін­дегі жеке парақшасында тікелей эфирде өткен ойын барысында кездейсоқ талонды алып шығып, ұтыс иесін анық­тайды.

– Қазір білесіздер, мейрамхана биз­несі бір жылдан аса уақыт тоқтап тұр. Үкімет тұрғындардың 60 пайызы екпе алып, ұжымдық иммунитет қалыптасқан соң ғана қоғамдық шараларды ұйымдастыруға рұқсат береті­нін мәлімдеді. Сондықтан тұрғындар­ды ынталандыру мақсатында осындай шара өткізуді ойладым, – дейді кәсіпкер.

Басқарманың мәліметінше, өңірде вакциналау барысы өткен айлармен салыстырғанда 1,6 есе өскен. Өңір­де 155 мың тұрғын вакцинаның бірін­ші компонентін алса, 86 мыңнан астам адам толық егілген. Екпе алу ба­ры­сы­ның көбейгені 28 маусым мен 4 шіл­де аралығында байқалды. Өйткені осыдан бір апта бұрын вакцина­ның бірінші компоненті 17 мың адамға егілсе, соңғы жеті күнде 29 мыңдай адам қабылдаған. Сонымен бірге облыста вакцинаны медицина мамандары, мұғалімдер, құқық қорғау органдары қызметкерлері алуда. Ал еңбек ұжымдарына арналған 67 мобильді топ жұмыс істейді.

Облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов індет жұқтырған науқастар саны жүзден асқанын, сондықтан тұрғындарға ынталандыру шараларын қолдана отырып вакциналау қажеттілігін жеткізді. Екпе алу нәтижесі апта сайын талданады. Ұжымдық иммунитет, екпе алу көрсеткіші өсіп отыруы тиіс.

Облыстың бас санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің айтуынша, ін­­дет­­тен сақтану үшін вакцина алу қа­­­­­жет. Нұр-Сұлтан қаласындағы эпи­­­де­мия­лық жағдай алаңдатуда. Штам­­­дар­дың жаңа түрлері пайда бо­луда. Екпе бар­лығына тегін жүр­гі­зіледі. Сон­дықтан өзімізді де, айна­ла­мыз­дағы барлық адамдар денсау­лы­ғын да сақтайық. Елімізде күзге дейін ұжым­дық иммунитетті қалыптастыру мін­деті тұр. Індеттің түрлі штамдарына қарсы тұру үшін екпе алып, тұрғындар өз денсаулығын сақтауы қажет.

Басқарманың мәліметінше, ұжым­дық иммунитетті қалыптастыру үшін өңір халқының 60 пайызы екпе алуы тиіс. Вакцина қоры жеткілікті, екпе кабинеттері жұмыс істеуде. Сауда орталықтарында да екпе алуға болады. Демалыс күндері жылжымалы екпе егу кешендері жұмыс істеуде. Отандық вакцина салдыру көрсеткіші бойынша үшінші орында тұр. Қытайлық вакцинаның 14 мың данасы жеткізілді. Сондай-ақ Спутник V екпесін алғаш рет алған адамдар 21 күннен кейін отандық немесе қытайлық вакцинаны ала алмайды. Әртүрлі компонентті алған кезде адам ағзасындағы жағдай толық зерттелмеген.

Қазір облыс орталығында әр сен­бі, жексенбі күндері тұрғындарға жыл­жымалы екпе егу кешендері қы­з­-
мет көрсетуде. Өз еркімен екпе сал­дыруға келген тұрғындар қажетті препарат түрін таңдай алады. Бұл жерде терапевт дәрігер, екі медбике және екпе алуға келген адамдарды тіркейтін маман бар. Келушілердің дене қызуын, жүрек қағысы мен қан қысымын өлшеген соң барып, екпе салынады. Бұл кешенді автобустар әр емханаға бекітілген. Күндізгі сағат 10.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін қызмет етеді. Тұрғындардың басым бө­лігі ресейлік Спутник V вакцина­сын, Біріккен Араб Әмірліктерінде шы­ғарылған Hayat Vax вакцинасын сал­дыруда. Екпе түрін адамдар өз еркі­мен таңдайды. Жылжымалы екпе егу кешенінде вакцинаның 4 түрі де бар.

Енді екпе алған тұрғындар офталь­молог-дәрігерден тегін кеңестер алуда. Облыстық ауруханада офтальмолог-дәрігердің галокамерада бір реттік емдеу сеансы бойынша шара өткізілуде. Сондай-ақ індет жұқтырып және пневмониядан емделіп шыққан науқастар­ға медициналық оңалту қызметтерін ұсынады. Бұл шаралар «Міндетті әлеу­меттік сақтандыру» жүйесі бойын­ша тегін жүргізіледі. Бурабай сана­торийінде емделе алады. Облыс орта­лығындағы Almaz Medical Group ЖШС-де (бұрынғы №2 емхана), №4, №3, №1 емханаларда оңалту ем шаралары жүргізіледі.

Павлодар өңірі эпидемиялық жағ­­дайды бағалау матрицасы бойын­ша 4 шілдеден бастап «қызыл аймақта». Облыс орталығында екпе алғандар арасындағы екінші ұтыс ойыны да бас­талды. Жергілікті кәсіпкер Нұр­гүл Айғожина Айдар Құрымбаевтың ­бас­тамасын қолдап, 4-11 шілде аралы­ғын­да вакцина алған павлодарлық­тар арасында 1,5 млн теңге ұтыс ойынын өткі­зетінін мәлімдеді. Ойын өтіп жат­қан бірінші аптада 4 мың адам екпе алуға ниет білдірген. Бұл жолы екі жүл­дегер болады, олардың бірі 1 мил­лион теңге, екіншісі 500 мың тең­ге алады. Ұтыс қорытындысы 11 шіл­деде шығады. Ойынның шар­ты – 4-11 шілде аралығында Batyrmoll ойын-сауық орталығын қоса алған­да, 7 егу пунктінің бірінде індетке қар­сы екпе алып, талонды толтыру. Ал еріктілер ұтыс ойыны кезінде купон­дардың дұрыс толтырылуын және жеңімпаздарға ақша бергенге дейін ойынның адал өтуін қадағалайды. Ұтыс Instagram pretty_women_pvl тіке­лей эфирінде өтеді.

 

Павлодар облысы