Алматыда «Techlabs CUP» халықаралық киберфестивалі болып өтті. Аталмыш шара осыдан алты жыл бұрын АҚШ-та тұсауын кескен болатын. Оның мезгілдік ойындары Минскіде басталып, Киев пен Мәскеуде және соңғы кезеңі Алматы қаласында өткізілді. Ірі кибероқиғаға Қазақстан, Украина мен Ресей елдерінің 24 командасынан құралған 115 геймер қатысып, олардың ойынын бақылауға 4 мыңға жуық жанкүйер жиналды.
Алматыда «Techlabs CUP» халықаралық киберфестивалі болып өтті. Аталмыш шара осыдан алты жыл бұрын АҚШ-та тұсауын кескен болатын. Оның мезгілдік ойындары Минскіде басталып, Киев пен Мәскеуде және соңғы кезеңі Алматы қаласында өткізілді. Ірі кибероқиғаға Қазақстан, Украина мен Ресей елдерінің 24 командасынан құралған 115 геймер қатысып, олардың ойынын бақылауға 4 мыңға жуық жанкүйер жиналды.
Соңғы жылдары Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстанда тұрақты өткізіле бастаған бұл фестиваль ТМД аумағындағы компьютер ойындары бойынша ең ірі жарыс болып саналады.
Сонымен, киберспорттық жарыстар ең танымал кибер ережелер – World of Tanks, League of Legends, Dota 2, Counter-Strike: Global Offensive, FIFA және Tekken бойынша өткізілді. Іріктеу кезеңінде онлайн режімінде бүкіл Қазақстан және ТМД елдерінен шамамен 1000 геймер қатысты. Олардың кейбіреулері ғана киберфестиваль өткен «Прайм Плаза» ойын-сауық орталығында нақты уақыт ішінде 16 500 АҚШ доллар көлеміндегі жалпы жүлделі ұтыс ойынына қатысты.
– Киберспорт, спорттық индустрияның жаңа саласы ретінде, жоғары технологиялар нарығымен тікелей байланыста, ақпараттық технологиялар саласындағы әлемнің ірі ойыншыларының назарын аударып отыр. Компьютерлік спорты дамыған және ірі халықаралық киберлигалар өткізілетін елдерде, міндетті түрде ірі ІТ-компаниялардың жоғары технологиялар индустриясын дамытуға инвестициялар тартылатын болады, – деді «Techlabs CUP» бас директоры Алексей Бурдыко.
Жарыс кезінде халықаралық киберфестивалінің серіктесі болып келе жатқан, гейминдустрия үшін бірегей өнім желісін өндіретін Kingston Technology компаниясы фестиваль қатысушыларына осы саланың соңғы жетістіктері мен жаңалықтарын насихаттады.
Турнир жеңімпаздарына жадының жоғары өнімділікті «HyperX Genesis» және «HyperX Blue» модульдерінің жинақтары, сонымен қатар, «DataTraveler» флеш-жинағыштары табыс етілді.
– Қазақстанда киберспорт дамып келеді. Мұнан былайғы жерде біз ерекше геймерлердің талаптарын қанағаттандырып, оларға ойындарда, кейін іс жүзінде жетістіктерге қол жеткізуге көмектесумен қатар, экстремалды жоғары өнімділікті жады құрылғыларымен геймерлерді қамтамасыз ететін боламыз, – дейді Kingston Technology компаниясының Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі өкілі Андрей Ларченков.
Бүгінгі күні әлемнің қосалқы геймер мәдениетіне 300 миллионнан астам халық, Ресейде шамамен 40 миллион геймер тартылған. Бұл сан 2016 жылға қарай екі еселенеді деген болжам бар. Осыған ұқсас статистика ТМД-ның барлық елдерінде де кездеседі. Гейм-индустриясы дамыған елдерде (АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея және басқалар) киберспорт ІТ-мамандығы бойынша ілгерілеу баспалдағының бірі болып саналады. Бүгінгі таңда оның сұранысы әлемде өте жоғары.
Ашық дереккөздердің мәліметтеріне көз салсақ, Yandex, Google және әлемдегі ең ірі компаниялардың әрбір екінші/төртінші қызметкері экс-геймер болып табылады. Әлемдегі қызмет бойынша бос орындардың 60 пайызын IT-мамандарын іздеу дерегі құрайды. ТМД елдерінде әрбір бесінші бос орын – IT және IT-мамандарына сұраныс орташа есеппен 1,5 есеге артық.
Қазіргі таңда қазақстандық геймерлер де әртүрлі лигаларға және фестивальдерге тұрақты қатысып келеді. Оған қоса геймерлердің кәсіби командаларын құру және одан әрі дамытуды көздеп отыр.
Ал Алматыдағы киберфестиваль спорттық шоудың барлық ережелері бойынша өткізілді. Фестивальдің әрбір қонағы жаңа ойындарды тестіледі, жекпе-жектің тест-драйвтарына қатысты. Ал жанкүйерлер мықты киберспортшылардан автограф алып, сүйікті ойыншылары мен командаларға жақтасты.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.