Қазақстан • 15 Шілде, 2021

Ұшақта жүк алып жүру ережесін білесіз бе?

913 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтық авиация комитеті ұшақта жүк алып жүру ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұшақта жүк алып жүру ережесін білесіз бе?

Жолжүк пен қол жүгін алып жүру нормалары бойынша сұрақтар жолаушылар арасында ерекше өзекті.

Осыған байланысты «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ жолаушыларға арналған жиынтық ақпаратты және әуе көлігінде жүк алып жүру қағидалары бойынша жалпы ұсынымдарды жариялады.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңның 76-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес жолаушыларды және жүктерді коммерциялық әуемен тасымалдау әуе билеті негізінде жүзеге асырылады.

Багажды тіркегеннен кейін авиакомпания оның сақталуына жауап береді. Жолаушыға жолжүк нөмірі бар бирканың үзбелі талонын жолжүк жеткізу бекетінде алынғанға дейін сақтау керек.

Жолжүк кешіктірілген, жетіспеген, бүлінген немесе жоғалған жағдайларда, сондай-ақ багаж түбіртегі мен жолжүк нөмірі бар бирканың үзбелі талонын көрсетпей жолжүк берілген жағдайда тасымалдау кезінде ақаулық туралы акт толтырылады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтар қатарындағы жолаушылар жеке пайдалануға арналған зембілдерді және кресло-арбаны өзімен бірге жолжүк ретінде қосымша тегін алып жүре алады.

«Ішкі рейстерде жолжүкті тасымалдау кезінде туындаған даулар жергілікті заңнама шеңберінде қаралады. Халықаралық бағыттар бойынша шарт шеңберінде авиакомпаниялардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігі қатысушы авиатасымалдаушылардың қағидаларымен реттеледі және туындаған барлық даулар қатысушы тарап мемлекеттері ратификациялаған конвенциялар мен халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес қаралады», делінген хабарламада.