«Таксиші жоғалды» дегенге жұрт елең ете қалады. Өйткені осы кәсіптің адамдарына әне бір жылдары жиі қастандық жасалып, өлі денелері жиі табылатын. Бұл жолы да сондай оқиға емес пе екен деп петропавлдық тәртіп сақшылары өре түрегелген.

Оның үстіне, жергілікті такси паркінің 45 жастағы жүргізушісі бұрын жоғалып кету сияқты қылық көрсетпеген, салмақты адам екен. Әйелі үш күннен бері үйге келмеді деген соң полиция қала аумағын, оның ішінде саяжайларды секторларға бөліп, бірнеше топпен іздеуге кіріскен. Оған криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, 40-тан астам ерікті, жоғалған азаматтың жақындары мен әріптестері тартылды.
БАҚ-қа, әлеуметтік желілерге іздеу жариялау жайлы хабарлар орналастырылды. Іздеудегі адамның суреті, айрықша белгілері көрсетіліп, бүкіл қала жұртшылығы құлақтандырылды. Мұндайда түрлі болжам мен қауесет те өрттей лаулады. «Тағы да таксистерді өлтіретіндер шығыпты», деген үрей тұрғындарды алаңдатумен болды.
Көп өтпей, әлеуметтік желідегі хабарландыруды көрген адамдардың бірі оны дүкенде көргенін жазыпты. Жанында бір адам болған. Сол дүкенге асығып-үсігіп жеткен полиция іздеудегінің арақ сатып алып жатқанын, жанында оның жақындары танитын адамның болғанын бейнекамерадағы жазбадан көреді. Ал ол кісінің саяжайы барын білген соң, полиция таксишінің жақындарымен бірге барса... жоғалған адам сонда «дем алып» жатыр екен. Өзінің бүкіл қаланы дүрбелеңге салғанында да жұмысы жоқ, қызара бөртіп, шалжиған күйінде жатқан...
Әрине оның өз отбасына хабар бермей, із-түзсіз кеткенінде бір мән бар сияқты. Әйеліне ренжіп кетті ме, әлде тағы бір себебі болды ма? Ол жағы белгісіз. Полиция тауып бергеніне мәз, әйелі табылғанына мәз болып тарасқан.
Осы орайда бір айта кетерлігі, мұндай айдың-күннің аманында аяқастынан жоғалып-табылушыларға қатысты жауапкершілік жүктейтін норма қолданыстағы заңнамада мүлде қарастырылмаған екен. Қанша жұртты әуре-сарсаңға салған, халық арасында шағын болса да дүрбелең тудырған адам сөйтіп еш жазасыз кетті. Жеке басы еркін болса да әрбір адам өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек қой. Қазіргідей байланыстың дамыған заманында қанша ашуланса да әйеліне: «Мен аманмын, іздеме» десе болушы еді. Бірақ ерегістің салдары болуы керек, ондайға таксиші «серінің» ақылы жетпеген болып шықты. Өкінішке қарай, мұндай жауапсыздар қоғамымызда аз еместігі анық.
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысындағы тас жолда браконьер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада Ulttyq Onim көрмесі ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанға Омбы облысының бизнес делегациясы келді
Бизнес • Кеше
Қаржы • Кеше
Бүгін қазақстандық хоккейшілер Словакияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Бізге атом электр стансасы керек - Энергетика министрі
Қазақстан • Кеше
Ақжайық резерватының аумағында өрт болды
Қазақстан • Кеше
Ғылым сарапшылары референдумның маңыздылығын талқылады
Референдум-2022 • Кеше
Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу уақыты қысқарады
Қоғам • Кеше
ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырған
Әлем • Кеше
Ауыл мектептері заманауи жабдықтармен қамтылады
Білім • Кеше
Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін
Қазақстан • Кеше
Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды
Қазақстан • Кеше
GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Аймақтар • Кеше
Ерлан Қарин Қазақстан саясаттанушыларының Х Конгресіне қатысты
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар