Технология • 29 Шілде, 2021

Техникалық реттеудің цифрлы тетігі

463 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биыл 1 шілдеден бастап, «Техникалық реттеу туралы» заң жаңа толықтыруларымен күшіне еніп, техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне стандарттау мен аккредиттеуге, сәйкестікті бағалау мен өлшем бірлігін қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер енгізілген еді.

Техникалық реттеудің цифрлы тетігі

Техникалық реттеу және мет­рология комитетінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйен­сек, бұл реформаның аясында «Е-сертификаттау» сәйкестікті бағалау бағытында электронды сертификаттау қызметінің қанатқақты жобасы іске қосы­лып, электронды түрде сәй­кес­­тікті растау жөніндегі құжат­тарды беру процестері то­лық бақылауға алынды. Осы ар­қылы сәйкестікті бағалауға арнал­ған құжаттарды есеп туралы бланкілерге жүгінбей, электронды форматта ұсынуға жол ашылып отыр.

Жаңа ақпараттық жүйенің бас­ты міндеті – көлеңкелі серти­фи­каттаудың алдын алу, сондай-ақ бүкіл процесті цифрлы технологиялар арқылы автономды режімге бейімдеу. Сөйтіп, сәй­кестікті бағалау барысында өтінімдерді қарау мерзімін мейілінше қысқарту.

Заңның жаңа редакциясын­дағы тағы бір өзгерістердің бі­рі – «камералды бақылау­ды» ен­гізу. Комитет өкілдерінің айтуын­ша, оның артықшылығы тиіс­­ті талаптардың бұзылуын уақтылы анықтап, оған жол бермеуге, сол секілді қадағалау субъектілеріне өрескел қателік­терді реттеуге мүмкіндік береді.    

Бұған қоса мамандардың баруын қажет етпейтін профилак­тикалық бақылау тетігі іске қо­сылады деп көзделіп отыр. Бұл жүйе  бақылаудағы өнімнің 120 тобын, 180 мыңдай шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектіні (статистика порталының дерегі бойынша), 1500 аккредиттеу субъектісін және 40-тан ас­там сараптамалық ұйымды қамты­мақ. Бұл ретте өңірлер бойынша инспекторлардың нақты штаты 95 адамды құрайтынын айта кеткен орынды. Қолданыстағы жүйеде бақылау жұмыстары түсетін шағымдар мен мемле­кеттік органдардың хабарламалары негізінде жоспардан тыс тексерулермен жүзеге асырылып келді.

Бүгінде белгіленген талаптар бұзылған жағдайда тиісті хабарламаны автоматты режімде жіберу тетіктері пысықталып жатыр. Уақытты үнемдеу үшін аталған кемшіліктер тура­лы хабарламаны электронды түр­де (СМС, порталдың жеке каби­не­тіне хабарламалар, e-gov.kz) жет­кізу мүмкіндіктері қарас­тырылуда.

Тұтастай алғанда, 90-нан астам бизнес-процесс, сол секілді Техникалық реттеу, стандарттау және метрология мемлекеттік жүйелерінің 3 тізілімі автоматтандырылды.

Техникалық реттеудің бар­лық үдерісіне тұрақты негізде 2 мыңнан астам ұйым (ТРМК, ҚазСтандарт, ҰАО, сертификаттау жөніндегі органдар, зертханалар, техникалық комитеттер, оқу орталықтары және т.б.) қатысып келеді. Ал сәйкестікті бағалау өтінімдері негізінде 10 мыңға жуық заңды тұлға (өті­ніш берушілер) қатысуға ниет білдіріп отыр.

Жауапты ведомствоның де­ре­гіне сенсек, биыл білім бе­ру, медициналық ұйымдарда, өнер­кәсіп орындарында, сондай-ақ сынақ зертханаларында талапқа сай келмейтін өлшеу құралдарын қолданудың көптеген жағдайы анықталды. Сәйкестікті баға­лау тәртібінің сақталмауы же­ке қорғаныш құралдарын, авто­химияға арналған өнімдерді жә­не басқа да өнеркәсіптік тауар­ды сертификаттау кезінде әшке­реленді.

Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында тиісті тексеруден өтпеген өлшем құрал-жабдықтары (тонометр, тара­зы, ростомер, термометр) қолда­ныл­ғаны белгілі болды. Бұл өз ке­зегінде «Өлшем бірлігін қам­тамасыз ету туралы» Заңның 19-бабын бұзу болып санала­ды. Дәл осындай олқылық ме­ди­­циналық орталықтарда да (қан қысымын өлшеуге арнал­ған аспап, мөлшерлегіш, биохи­миялық автоматты анализатор, жанаспайтын инфрақызыл термометрлер) орын алған. Бұдан бөлек өндіріс саласында, атап айтқанда тамақ өнеркәсібінде Кеден одағының 022/2011 «Та­мақ өнімдерін таңбалау» техни­калық регламентінің талаптары бұзылғаны анықталса керек.

Сауда және интеграция ми­нистрлігі Техникалық реттеу жә­не метрология комитетіне ­қа­­расты департаменттер биыл­ғы 6 айда 191 тексе­ру жүр­гі­зіпті. Оның ішінде жос­­пар­дан тыс 85 тексеру, 83 про­фи­­лактикалық бақылау жә­не бас­қа мемлекеттік органдар­мен бірлескен 21 тексеру өткі­зіл­ген. Барлығы 109 нысанда кем­ші­ліктер анықталды және 91 ұйғарым беріліп, салынған айып­пұлдың көлемі 35 млн теңге­ге жуық­тады. Сонымен қатар 5 жал-­
­ған сертификат анықталып, олар­дың күші дереу жойылған.