Арқа төсіндегі биылғы жаз аптап ыстығымен ерекшеленіп тұр. Жағдай осындай болып қалыптасқанда дала өртінен келер қауіп бұлтының қоюлана түсетіні де белгілі. Мұны біз шіліңгір шілденің басында Ұлытау ауданындағы бірқатар елді мекеннің өрт құшағында қалып, шаруа қожалықтарының зор шығынға батқанынан айқын көргенбіз.

Аталған аудан аумағындағы Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек, Борсеңгір, Пионер, Байқоңыр және басқа да елді мекендер аумағындағы дала шөбі бой бермей өртеніп кеткен болатын. Кейбір деректерге қарағанда, сол кездері 20-ға тарта дала өртінің ірі ошақтары болған екен.
Осы төтенше оқиға кезінде бір адам қаза тауып, кейбір шаруа қожалықтарының малы қырылып қалды. Мәселен, бір ғана Жангелді ауылдық округіне қарасты «Әбдібеков» шаруа қожалығының өзінде 200 қой мен он шақты ірі қара отқа күйіп өлді. Сол кезде аудан бойынша төтенше жағдай жарияланып, апатты ауыздықтауға көп мөлшерде күш-қуат жұмсалған еді.
Ресми мәліметке сенсек, Ұлытаудағы өрттің шығуына найзағай себепші болған екен. Ал көп жағдайда оттың тұтануына адамдардың өздері кінәлі болып жататыны белгілі. Мәселен, сөндірілмей лақтыра салған шылым тұқылының өзі, табиғат аясындағы демалыс кезінде жағылған от та сұрапыл өрттің шығуына әкеп соғатынын жұрттың бәрі біледі. Бірақ кейбір тәртіптен жұрдай жауапсыз жандардың осыны біле тұра бәрін керісінше істейтіні қынжылтады...
Ұлытау демекші, таяуда аталған ауданның солтүстік-шығыс аумағында тағы да өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі күн алысып, ақыры оны ауыздықтады. Тілсіз жауды құрықтауға Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, орман шаруашылығы мен жергілікті әкімдіктердің өкілдері, полиция қызметкерлері, жергілікті тұрғындардан құралған ерікті жасақтар атсалысты. Әйтеуір, жедел іс-қимылдың нәтижесінде өрттің өршуіне жол берілмей, өткендегідей апаттың жолы дер кезінде кесілді.
Ресми мәліметтер бойынша, биыл Қарағанды облысындағы мемлекеттік орман қорына қарасты 77 гектар жерді қамтитын аумақта 20-ға жуық, даладағы 48 190 га жерді шарпыған 173 өрт оқиғасы тіркеліпті. Бір өкініштісі, ұлан-ғайыр даладағы өртті бірден байқау көбіне мүмкін болмай жатады.
Сол себепті өрт сөндірушілер жеткенше, тілсіз жау орасан зор шапшаңдықпен талай жердің түгін жалмап үлгереді. Шөптің өзі ғана жанса жақсы ғой, дала өртінің адамдардың өміріне, мал шаруашылығына да зор қатер төндіретініне Ұлытауда болған төтенше оқиға кезінде көзіміз анық жеткен.
Осы орайда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 2014 жылдан бері «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-мен келісімшарт жасасып, табиғи өрт ошақтарын анықтап, оларға мониторинг жасап отыру ісін жүзеге асырып келе жатқанын айта кетуге болады. Мұның өзі даладағы өртті дер кезінде байқап, оны жоюға септігін тигізуде.
Қазіргі таңда облыста дала өртімен күреске айрықша назар аударыла бастаған. Мысалы, бүгінде өңір аумағында 31 өрт бекеті жұмыс істейді. Бұл бекеттер 40 мыңдай тұрғыны бар 63 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Алдағы үш жылда облыс аумағында тағы да 20 өрт бекеті ашылмақшы.
Бұдан бөлек, соңғы бес жыл ішінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан өрт қауіпсіздігі жоғары деген алты аймақта 42 мобильді кешен сатып алынған. Жоспар бойынша дәл осындай техниканың 17-сі алдағы уақытта сапқа қосылмақшы. Дегенмен бір шетінен екінші шетіне жеткенше ұшқан құстың қанаты талатын сайын даланы от-жалыннан аман сақтап қалу үшін мұның аздық етері сөзсіз. Жасыратыны жоқ, кейбір елді мекендерге техника күші, өрт сөндірушілер жердің шалғайлығына байланысты жете алмай жатады. Ондай жағдайда ауыл тұрғындарына тайлы-тұяғы қалмай өртті жалаңаш қолмен сөндірулеріне тура келеді. Міне, осындай мәселелер төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті әкімдіктер тарапынан тығырықтан алып шығар кешенді іс-шаралардың қабылдануын қажет етеді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы тұрғындарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертудей-ақ ескертіп келеді. Өкінішке қарай, кейбір жауапсыз жандар осындай өтініштерді құлағына іле бермейді. Дегенмен бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Далада немесе орманды алқапта өрттің шығуына себепкер болған кінәлілерге қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту де көзделген.
Шілденің басында Ұлытау ауданында болған сұрапыл өрт бұл саладағы қауіпсіздік жұмыстарының кемшіл тұстарын көрсетіп бергені мәлім. Бір ғана мысал: шаруа қожалықтары басшыларының аптап ыстықта құрғақ шөптің лап етіп тұтанып, өрт шығуы мүмкін екенін біле тұра, өздерінің қауіпсіздік мәселесіне салдыр-салақ қарайтыны ащы шындық. Егер де жағдайы бар фермерлердің соқа жегілген тракторлары қандай да бір жағдайларға сақадай-сай дайын тұрса, тілсіз жаудан келетін қауіптің дер кезінде алдын алуға болушы еді. Негізі бұл баяғыдан келе жатқан тәсіл: тілсіз жаудың алдын орай жерді жыртып, қарсы от қойса, кез келген өртті өшіруге болушы еді.
Ауа райын болжаушылар алдағы күндері аптап ыстықтың басылмайтынын айтады. Бұл дегеніңіз – қандай да жағдайға болсын дайын отыруды қажет ететін дабыл біле білгенге. Осы мәселеде жауапкершілік жеке адамдар болсын, арнайы қызметтер үшін бәріне бірдей ортақ: өрт қауіпсіздігіне жүрдім-бардым қарау – соңы қатты опық жегізетін салғырттықтың нағыз өзі.
Қарағанды облысы
БҚО-да жел сот ғимаратының шатырын ұшырып әкетті
Аймақтар • Бүгін, 22:55
Тоқаев пен Путиннің кездесуі 2,5 сағатқа созылды
Президент • Бүгін, 22:22
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:30
ШЫҰ мүше-мемлекеттері Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары кездесті
Қоғам • Бүгін, 20:43
Қазақстан Президенті Ресей басшысымен келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 20:12
ТМД саммиті қазан айында өтеді
Президент • Бүгін, 19:56
Қ.Тоқаев: Қазақстан мен Ресейдің болашағына қатысты пессимистік болжам айтуға ешқандай негіз жоқ
Президент • Бүгін, 19:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 19:22
«Қарағанды-Балқаш» тас жолындағы айналма жолдардың саны 94%-ға азайды
Аймақтар • Бүгін, 18:55
«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды
Футбол • Бүгін, 18:25
«AMANAT» шенеуніктерді жауапкершілікке тартады
Қоғам • Бүгін, 18:07
Велосипед мінген баланың кесірінен екі көлік соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 17:50
СҚО-да жеті айда 464 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Алматыда қала құрылысының кеңесі құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды
Президент • Бүгін, 17:07
Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы 10 миллиард теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 16:57
Елордада Әуезов көшесі уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:40
Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін
Білім • Бүгін, 16:09
Оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады
Білім • Бүгін, 15:58
Екі облыста дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелді
Елорда • Бүгін, 15:35
Ақтауда жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 15:21
«Болашақ» тағылымдамасына құжат қабылдау қашан басталады
Білім • Бүгін, 15:09
Көлік полициясы есірткі тарату арнасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 14:50
Нұр-Сұлтанда мектеп салынатын учаскелер белгіленді
Елорда • Бүгін, 14:38
Қазақстанның екі қаласынан Вьетнамға әуе рейстері қатынайды
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Атырау облысында әскери қызметші көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді
Білім • Бүгін, 13:52
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 13:38
Алматыда алаяқтық дерегіне қатысты күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:23
Елімізде бір жылда қант 86,6% қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 12:51
Жер кадастры базасының жұмысы толық қалпына келтірілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Өскеменде есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:12
Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы басталды
Елорда • Бүгін, 11:58
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:50
Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 11:48
Ақмолада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Жыл соңына дейін елімізде 5 ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 11:16
Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 10:59
Ұқсас жаңалықтар