Технология • 06 Тамыз, 2021

Құрылыс материалын «маркетплейстен» іздеңіз

361 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ендігі жерде отандық құрылыс материалдарын бір ғана сауда алаңынан онлайн сатып алуға болады. Ол алаң «Маркетплейс» деп аталады. Бұл – құрылыс саласын цифрландыру бағытындағы тың қадамдардың бірі.

Құрылыс материалын «маркетплейстен» іздеңіз

Индустрия және инфрақұры­лымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, «Маркетплейс» құрылыс материалдарын бір жерге шоғырландырып қана қоймай, олардың құнын 15 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Тиісінше, нарықтың да ашықтығын қамтамасыз етеді.

– Отандық өндірушілер мемле­кеттің қолдауымен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға және құры­лыс материалдарын белгіленген баға бойынша сатуға мүмкіндік алады. Бұл құрылыс салушыларға да тиімді, – дейді бірінші вице-министр.

Сондай-ақ құрылыстағы жергі­лікті қамту үлесін арттыру үшін ми­нистрлік қолданылатын құрылыс материалдарының толық номенклатурасын көрсететін электронды ті­зі­лім құрды. Бюджет есебінен қар­жы­ландырылатын нысандарда отан­­дық құрылыс материалдарын міндетті түр­де қолдану жөніндегі талаптар заң жү­зінде бекітілді.

– Е-Qurylys жүйесінің блокчейн тетіктері арқылы сатып алын­ған отандық құрылыс материалда­ры бойынша мердігерлердің есебі Мем­лекеттік сатып алу порталында көрсетіліп, нысанның жобалық-сме­талық құжаттамасында көрсе­тілген деректермен автоматты түрде салыстырылады. Порталдарды интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп нақтылады Қ.Өс­кен­баев.

Оның айтуынша, құрылыс сапасын арттыру мақсатында министр­лік зерттеу-зерделеу жұмыстарын мем­лекеттік бақылауды күшейт­пек. Соны­мен қатар бас жоспардың және нақ­тылау жоспарының құры­лыс салу­шылар мен халыққа қолже­тім­ділігін қамтамасыз ететін жаңа қала құры­лысы жүйесін әзірлемек. Осы­лайша, азаматтар онлайн режімде нысан­дардың құрылысын бақылай алады.

Еске сала кетейік, құрылыс сала­сын цифрландыру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ин­фра­­құрылымдық жобалар бойынша мем­лекеттік сатып алудың ашық­тығын арттыру, құрылыс сала­сының дамуын тежейтін артық талаптарды жою, сондай-ақ құрылыс процесін қо­ғамдық бақылау үшін азаматтардың мүмкіндіктерін ке­ңей­ту жөніндегі тапсырмасына сәй­кес жүргізілу үстінде.

Жалпы, елімізде мемлекеттік са­­­тып алудың ашықтығын арт­ты­­руға және жалпы құрылыс сала­сы­ның жұмысына ықпал ететін алты цифр­лық жаңа жоба бар. Оның бірін жо­ғарыда айттық. Енді қалғандарына да тоқталып өткен жөн болар.

Қ.Өскенбаевтың айтуынша, құры­лыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыс бо­йынша салынып жатқан нысандар туралы де­ректердің барлығы ке­лесі жылдан бас­тап Е-Qurylys бір­ыңғай ақпарат­тық жүйесі арқылы қада­ғаланбақ. Өз кезе­гінде, барлық тө­лем Blockchain плат­формасы ар­қылы осы жүйеге ен­гі­зілген ақпа­рат негізінде жүзеге асы­­рылады. Нә­тижесінде, бюджеттен жұм­салған әрбір теңгені оп-оңай ба­қылап оты­руға болады.

– Сондай-ақ мемлекеттік нысан­дардағы құрылыс процесін цифрландыру жұмыстары басталды. Келесі жылдан бастап процесс толығымен автоматтандырылады. Бұдан бөлек, Құрылыс жобаларының мемлекет­тік банкі негізінде министрлік мамандары ірілендірілген сметалық нормативтерді пысықтап, қалып­тас­тырды. Сонымен қатар құрылыс нысанының шекті құ­нын жылдам есептеуге мүмкіндік бе­ретін және оның құнын асыра бағалау мүм­кін­дігін болдырмайтын онлайн-каль­кулятор әзірледі. Калькулятор мем­ле­кеттік сараптама порталында бекі­тілген (epsd.kz). Бүгінде онлайн-калькулятор арқылы 340 құрылыс жобасы есептелді, – дейді Қ.Өскенбаев.

Цифрландыру тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылық секторын да айна­лып өтпеді. Бұл ретте министрлік атал­ған сектордың бірыңғай цифрлы экожүйесін құру үшін Е-Шаңырақ ақпараттық жүйесін әзірледі. Ондағы мақсат – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы быты­раңқы ақпараттық жүйелерден орта­лықтандырылған ақпарат жинау.

– Халық үшін жүйе басқару ор­гандарының рейтингін құру, ша­ғымдар мен өтініштерді жіберу мүм­­кіндігі есебінен сектордағы қыз­­меттердің сапасын арттыруға мүм­­кіндік береді. Меншік иелері үйді бас­қаруға онлайн қосымша ар­қы­лы қатыса алады. Сондай-ақ үйді басқару мәселелері бойын­ша ашық түрде деректер алу мүмкін­ді­гіне ие. Мемлекет үшін жүйе ақпа­раттандыру объектілерінен, табиғи монополиялар субъектілерінің ақ­па­раттық жүйелерінен алынған үл­кен деректерді талдау есебінен неғұр­лым тиімді басқару шешімдерін қабылдауға жол ашады. Осылайша, сектордың кешенді көрінісін бай­қауға және алдағы оқиғаларды бол­жауға мүмкіндік туады, – деді Индус­трия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі.

Қ.Өскенбаевтың пікірінше, әкім­діктер егжей-тегжейлі жоспарлау ке­­зінде бас жоспардың жобалық ше­­шім­дерінен негізсіз ауытқып, ті­рек жос­парға қате деректерді ор­на­лас­тыруға жол беріп қояды. Сон­дық­тан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін министрлік мемлекеттік сарап­тама негізінде барлық деңгейдегі жо­ба­ның, оның ішінде бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобала­ры­ның талаптарға сәйкестігіне және халықтың пікірін ескеруге сапалы тексеріс жүргізуге ниетті.

– Бұл жер учаскелерін сатып алу және игеру кезінде құрылыс салу­шы­лардың тәуекелін төмендетуге, ғима­раттар мен құрылыстардың функ­циялық мақсатын, ғимараттар­дың қа­бат­тылығын, аумақтарда құры­лыс салу тығыздығын, сондай-ақ бел­гілі бір инвес­торлар үшін егжей-тег­жейлі жос­парлау жобасына бейберекет түзетулер енгізбеуге мүмкіндік береді, – дейді ол.

Министрлік құрылыс процесін зертханалық сүйемелдеу үшін құры­лыс сапасын бақылаудың жаңа орта­лығын құруды жоспарлап отыр. Іс жү­зінде құрылыс барысында тех­ника­лық қадағалау әрдайым қол­даны­латын материалдарға зертха­налық ба­қылау жүргізе бермейді. Сондықтан Мемлекет басшысының құрылыс сапасын жақсартуды түбе­гейлі қайта қарау жөніндегі тапсырмасы аясында бірқатар заңнамалық түзету дайындалды.

– Түзетулер мемлекеттік және же­­­кеменшік нысандарға міндетті зертха­­­налық бақылауды жүзеге асыра­тын сапаны бақылаудың жаңа орта­лығын құруды көздейді. Бұл тетік тап­сырыс берушімен бірлесіп, құры­лыс процесін зертханалық сүйемел­деуді және құрылыс барысын кезең-ке­зеңімен техникалық тексеруді көз­дейді. Құрылыс кезеңі нысанның пайда­лануға дайынды­ғын растау үшін объек­тілерді қа­былдауға мемлекеттік сәулет-құ­ры­лыс бақылаудың міндетті түр­де қатысуы арқылы қатаң бақылау теті­гімен күшейтіледі. Бақылаудың ұсы­нылған түрінің әсері шұңқыр қа­зу­дан бастап, абаттандыру жұмыс­тары­на дейінгі құрылыстың барлық цик­лін тұрақты мемлекеттік бақы­лаудан және қолданылатын мате­риалдардың, со­ның ішінде қазақ­стандық құрам­ды қол­данудың ашық­тығын қадағалау­дан тұрады, – деді Қ.Өскенбаев.