Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Атырау облысына жұмыс сапары барысында Мақат аудандық ауруханасы мен Бәйгетөбе ауылдық фельдшерлік-акушерлік бекеттің жұмысымен танысты. Содан соң Атыраудағы эпидемиялық ахуалға байланысты аймақтық штабтың отырысын өткізді.

Қазір бұл өңірдегі ауруханаларда төсектік орынмен қамту біртіндеп ұлғайып барады. Мәселен, 5 тамызда стационарларда емделіп жатқан науқастар саны 1 734-ке жетті. Бұл бір ай бұрынғы статистикадан 3,5 есеге көбейгенін көрсетеді. Жансақтау бөліміне 76 пациент түсіп, 5 шілдеден бері 2,5 есеге көбейген.
Қазір облыста 16 инфекциялық стационар бар. Оның жетеуі аудандарда, ал тоғыз стационар облыс орталығында орналасқан. Атырау қаласының өзінде төсектік орын жүктемесі артқан. Мұнда алты стационардың төртеуіндегі жүктеме 97%-ды құрайды. Осылайша, мұнайлы шаһарда инфекциялық төсектік орынның жүктемесі 60%, реанимациялық кереуеттер жүктемесі 67%-ға ұлғайып отыр.
Сондай-ақ модульді ауруханада төсектік орынның жетіспеушілігі байқалады. Мұнда 200 төсектік орынға есептелген инфекциялық стационарда 205 адам, оның ішінде 105 жүкті әйел ем алып жатыр. Жансақтау бөлімінде 25 пациент бар, оның үшеуі – ауыр халдегі жүкті әйел.
– Бұл – алаңдаушылық туғызатын жайт. Өйткені жүктеменің артуы төсектік орынның жетіспеушілігіне, тұрғындарға стационарлық көмек көрсетудің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін, – дейді министрдің орынбасары Ажар Ғиният. – Министрліктің жұмыс тобы Атырау қаласындағы бес емханада, екі жекеменшік емханада, сондай-ақ екі аудандық ауруханада мониторинг жүргізді. Талдау нәтижесінде жылжымалы бригадалар санының жеткіліксіздігі, тұрғындардан түскен шақыртулардың кешенді медициналық ақпараттық жүйеге уақытында енгізілмегені байқалды. Бұдан соң бір жылжымалы бригаданың нақты жүктемесі қанша екенін білу қиындайды. Осындай себеппен министрліктің ұсынысымен Атырау қаласында науқастардың тіркелуін, мобильді топтардың жұмысын бақылау үшін ахуалдық орталықтар құрылды. Оған науқастарды ауруханаға жатқызу, амбулаторлық емнің уақтылы тағайындалуы, дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету кіреді.
А.Ғинияттың айтуынша, барлық медициналық ұйымда науқастарды амбулаториялық бақылау тиісті деңгейде еместігі анықталған. Бақылау парақтары сапасыз жүргізілген. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған клиникалық хаттамалар сақталмайды. Дәрігерлер егде жастағы емделушілерді бақылауда енжарлық танытып отыр. Жылжымалы бригададағы дәрігерлер учаскелік қабылдаудағы жұмыспен біріктіре атқаратыны кездеседі. Бұл санитарлық-эпидемиялық режім талабына қайшы келеді.
Министр А.Цойдың пікіріне сүйенсек, Атырау облысында тұрғындардың санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтамауынан коронавирус инфекциясының таралуы едәуір ұлғайып отыр. Науқастарды ауруханаға жатқызу пайызы жоғарылап барады. Ал «Дельта» штамының таралуын тежеуге қатысты іс-шараның, амбулаторлық-емханалық жұмыстың жеткіліксіз ұйымдастырылуы жағдайы ауыр науқастардың көбеюіне ықпал еткен.
Ал кеше «Теңізшевройл» ЖШС «Теңіз» кенішінде вахталық ауысымды уақытша тоқтатты. Бұған кен орнындағы инфекциялық стационарда емделіп, күн сайын коронавирус жұқтырған науқастар санының көбеюі себеп болған.
– Біздің компаниядағы негізгі басымдық – қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау. Осыған байланысты «Теңізшевройл» қызметкерлері арасында COVID-19 індетінің таралуын азайту үшін 9 тамыздан бастап «Теңіз» кенішіндегі жедел емес қызметкерлердің вахталық ауысымын және қайта жұмылдыруын уақытша тоқтатады. Аталған уақытша шараның «Теңіз» кенішінде жүргізіліп жатқан жоспарлы жөндеу жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге қатысы жоқ, – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
«Теңіз» кенішінде вирустың таралуын тежеу үшін қауіпсіздік шаралары, оның ішінде қызметкерлерді «бөлек жайғастыру» (тұрғын үйлерде, көлікте және жұмыс орындарында), сондай-ақ ПТР-сынамасы мен оқшаулау бұрынғыша сақталады. Қазір кен орнына жұмысқа тартылған жұмысшылар арасында вакциналау бағдарламасы жалғасып жатыр. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы компонентін салдырған қызметкерлер саны 45 мыңнан асты.
Атырау облысы
Алматы облысында жауын салдарынан көшелерді су басты
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Коронавирус жұқтырған 7 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:47
Шымкенттегі жарылыстың шығынын арнайы комиссия есептеп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қаржы • Бүгін, 09:32
Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Маймылшешек ауруы әлемнің 14 еліне тарады
Әлем • Бүгін, 09:06
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:34
Хоккей • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Басты мақсат – қоғам дертінен арылу
Экономика • Бүгін, 08:23
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімінің аяқталатындығы туралы
Қазақстан • Бүгін, 08:20
Пікір • Бүгін, 08:18
Пікір • Бүгін, 08:15
Пікір • Бүгін, 08:12
Шешілуі керек төрт түйткіл бар
Пікір • Бүгін, 08:10
Өңіраралық көшпелі кездесу өтті
Референдум-2022 • Бүгін, 08:05
Референдум-2022 • Бүгін, 08:02
Референдум ешкімнің өмірін айналып өтпейді
Референдум-2022 • Бүгін, 08:00
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Кеше
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Кеше
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Кеше
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Кеше
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Кеше
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Кеше
Үкімет • Кеше
Спорт • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Кеше
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Кеше
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Кеше
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Кеше
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Кеше
Ұқсас жаңалықтар