Оның ішінде Өскемен қаласында – 1429, Риддер қаласында – 627, Катонқарағай ауданында – 418, Алтай ауданында – 357, Глубокое ауданында – 237, Шемонаиха ауданында – 152, Ұлан ауданында – 26, Зайсан ауданында – 15, Көкпекті ауданындағы Самар аумағында – 11 тұрғынды кене шаққан.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2020 ж. – 3551) кене шағу жағдайы 7,9%-ға төмендегені байқалады.
Алайда кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінген адамдардың арасында кене инфекциясы бойынша ауру жағдайлары тіркелмеген.
2021 жылдың эндемиялық маусымы басталғаннан бері Риддер, Өскемен қалаларының және Глубокое, Катонқарағай аудандары аумақтарында кене энцефалитінің 7 расталған жағдайы тіркелді.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді жолы кененің қанды соруына жол бермеу екенін ескертеді.
«Ол үшін қарапайым сақтық шараларын орындап: кененің адам терісіне тікелей жанасуын шектейтін киім кию, репелленттерді (үркітетін құралдарды) қолдану, табиғат аясында уақыт өткізген жағдайда өзін және қасындағыларды мұқият тексеру», делінген санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.