2 шілде күні науқас К.Ботагөз Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының акушерлік блогынан № 2 қалалық көпбейінді аурухананың стационарына ауыстырылды. Мамандардың айтуынша, оның жағдайы өте ауыр болған, өкпенің зақымдануы 93%-дан асыпты.
Науқас жүктіліктің 37-38 аптасында коронавирус жұқтырған.
Ботагөзде 20 маусым күні әлсіздік, дененің ауыруы, мұрынның бітелуі секілді өзгерістер байқала бастаған. Сол сияқты жөтелінде қақырық пайда болып, дене температурасы көтерілген. Дегенмен ол 28 маусым күні босанып, дені сау нәрестені дүниеге әкелді. Бірақ індет өршіп, оның жағдайы нашарлай түскен.
«Қабылдау кезінде науқастың жағдайы тыныс алу жеткіліксіздігінің, интоксикация синдромының салдарынан өте ауыр болды. Біз медициналық көмек көрсетудің жоғары технологиялық қызметтерін пайдалана отырып, пациентті құтқарып қалу үшін күрестік. 21 шілдеде пациентті экстракорпоральды мембраналық оксигенация аппаратынан шығардық. Осыдан кейін науқас СРАР аппаратына өкпені мәжбүрлі желдету режиміне ауыстырылды. Бұл аппарат өкпенің толығымен ашылуы үшін жүктеме ретінде қосылады», дейді № 2 қалалық көпбейінді аурухананың дәрігері Айжан Шанова.
Арада 28 күн өткеннен кейін елорда тұрғыны жалпы палатаға ауыстырылды. Бірақ бұл науқастың толығымен емделіп шықты дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Қазір Ботагөзді үйінде күйеуі мен қызы күтіп отыр.
Биыл 2 шілде күні науқас К.Ботагөз Көпбейінді қалалық ауруханасының акушерлік блогынан № 2 қалалық көпбейінді аурухананың стационарына ауыстырылды. Мамандардың айтуынша оның жағдайы өте ауыр болған, өкпенің зақымдануы 93%-дан асыпты.
Науқас жүктіліктің 37-38 аптасында коронавирус жұқтырған.
Ботагөзде 20 маусым күні әлсіздік, дененің ауыруы, мұрынның бітелуі секілді өзгерістер байқала бастаған. Сол сияқты жөтелінде қақырық пайда болып, дене температурасы көтерілген. Қуанышқа орай, 28 маусым күні босанып, дені сау нәрестені дүниеге әкелді. Бірақ індет өршіп, оның жағдайы нашарлай түскен.
«Қабылдау кезінде науқастың жағдайы тыныс алу жеткіліксіздігінің, интоксикация синдромының салдарынан өте ауыр болды. Біз медициналық көмек көрсетудің жоғары технологиялық қызметтерін пайдалана отырып, пациентті құтқарып қалу үшін күрестік. 21 шілдеде пациентті экстракорпоральды мембраналық оксигенация аппаратынан шығардық. Осыдан кейін науқас СРАР аппаратына өкпені мәжбүрлі желдету режиміне ауыстырылды. Бұл аппарат өкпенің толығымен ашылуы үшін жүктеме ретінде қосылады», - деп еске алады № 2 қалалық көпбейінді аурухананың дәрігері Айжан Шанова.
Арада 28 күн өткеннен кейін елорда тұрғыны жалпы палатаға ауыстырылды. Бірақ бұл науқастың толығымен емделіп шықты дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Қазір Ботагөзді үйінде күйеуі мен қызы күтіп отыр.
Емдеу кезінде стационарда жоғары білікті мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізілді. Дәрігерлердің бірлескен жұмысының арқасында науқас емделіп, коронавирусты жеңіп шықты.
«Өз өмірім үшін күресу және үйіме оралу – басты мақсатым болды. Бәріңізге, әсіресе дәрігерлерге көрсеткен көмегі үшін, өмірімді құтқаруға ұмтылғаны үшін алғыс айтқым келеді. Енді үйіме, отбасыма және қызыма орала аламын», - деп қорытындылады елорда тұрғыны