01 Мамыр, 2010

БАҒА ЖЕТПЕС ИГІ ІСТІ БАСТАП БЕРДІ

610 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Еліміздің тәуелсіздігі бүгінгі өміріміздегі барлық жетіс­тік­тердің қайнары іспетті. Ұл­ты­мыздың рухы құрсаудан бо­­санып, қайта түледі, эко­но­­микалық еркіндігіміздің ар­қа­сында дүниежүзілік қоғам­дас­тық­тарға мүше болып, әлемнің дамыған елдерімен тереземіз тең жағдайда қарым-қатынас, бай­ланыс жасай­тын мүмкіндікке ие болдық. Бүгінде мемлекетіміздің тәуел­сіз­дігімен Президенттік бас­қару егіз ұғым сияқты кө­рінеді. Өйткені Қа­зақстанның еркіндікке қолы жеткен күннен бастап бүгінге дейін елі­міздің дамуы мен көркеюінің бар­лығы да Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаевтың есімімен бай­ланысты. Бас-аяғы жиырма жылдың ішінде елімізде еш­қандай қиындықтар, ешқандай кем­шіліктер жоқ десек, адамға да, Аллаға да сөзіміз рас бол­май­ды. Кеңес Одағы тара­ғаннан кейінгі бұрынғы шие болып байланған эконо­ми­калық бай­ла­ныс­тардың үзілуі, жо­спарлы эко­номиканың орнына на­рықтың келуі оңай жүре қалған үдеріс емес еді. Эко­но­ми­калық реформалардың бар­лығы да жеңіл болған жоқ. Ауыл ша­руашылығын қайта құру кезінде ауыл аса қи­налды. Әң­гіме оның қиындығында емес, сол сын­дардан еліміздің да­налық басшылықтың арқасында аман өтуінде болатын. Еліміздің соңғы жылдары эко­но­микалық дамуы әлем назарына ілікті. Америка Құрама Штаттары Қа­зақстанды ТМД елдері арасында на­рық жолына түсе алған бірінші мем­лекет деп таныды. Сонымен қа­тар Нұрсұлтан Назарбаевтың сырт­қы бейбіт саясат жүргізуімен Қа­зақстан халықаралық қаты­нас­тар­да да алға озды. Қазақстанның бү­гінде мұсылман әлемі мен ТМД ел­дерінің арасында бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі соның айғағы. Әлемде ешқашан діни бас­шылар бір жерде бас қоспаған. Ал Астанада Н.Назарбаевтың бас­та­масымен әлем­дік және дәстүрлі діндер бас­шы­ларының үш съезі өтті. Онда қай мемлекетте де бей­бітшіліктің, тұрақтылықтың негізі адамдардың діни сеніміне төзім­ділік­пен, құр­метпен қарау екенін аты әлемге мәшһүр діни қай­рат­керлердің, дуалы ауыздардың қай­сы­сы болса да айтып өтті. Бұл орай­да біздің Президентіміз сырт­қы саясатта да көшбасшы екенін көрсетті. Қазақстанға іссапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Семей өңі­рін­дегі бұрынғы сынақ айм­ағында болғанда ядролық қару-жарақтың қаншалықты қасірет екеніне, Жер шары үшін бейбіт күннің бағасына ештеңе жетпейтініне көзі жете түскендей болды. Осы сапарында “Ядролық қаруға ие мем­ле­кет­тер­ді Қазақстанның жолымен жүруге шақырамын” деді. Халықаралық беделді ұйым басшысының бұл сөзі Нұрсұлтан Әбішұлының атом аждаһасы – Семей сынақ поли­гонын жа­буына, әлемде жаңа тұр­патты мемлекеттің пайда болуына берген биік бағасы болатын. Жақында Америка Құрама Штат­тарында өткен ядролық қауіп­сіздік мәселесіне арналған жаһан­дық саммитте Қазақ­стан­ның әлем­дегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуын, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жол­дағы еңбегін жоғары бағалады. Бейбітшілік сыртқы саясат ұс­танып отырған біздің ел ядролық қа­русыз да адамдардың бейбіт өмір сүре алатынын, қо­ғам­ның алға да­ми­тынын, өр­ке­ниеттен қа­лыс­пай­тынын көр­сетті. Ол көшбасшы саясат­кер­дің көреген қадамдары, істері арқасында жүзеге асты. Бала кезімізде “Бом­баның орнын те­гіс­те­ген, күректер музейге қо­йыл­сын!” деп ән шырқар едік. Қазір ядролық қару тек адам­зат­ты қырып ғана қой­майды, әлем­нің экологиясына да кері әсер етеді. Жұмыр жерге ты­ныштық бе­руіміз керек. Ал біздің Пре­зидентіміз жер жүзіндегі бейбіт өмір, адамзат амандығы үшін игі бастаманы бастап берді. Әдетте, басталған іс жалғасын табады. Есенгелді АШМАХАН, “Балықты” мешітінің имамы. Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы.
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:33