Қазақстан • 30 Тамыз, 2021

Ерлікпен қаза тапқан азаматтардың бәрі марапатқа лайық – Б.Сапарбаев

452 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Байзақ ауданында орын алған өрт пен жарылыстан қаза тапқан әскери қызметкерлердің жақындары мен туыстарына мемлекеттік наградалар табысталды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Ерлікпен қаза тапқан азаматтардың бәрі марапатқа лайық – Б.Сапарбаев

Алдымен жиынға қатысушылар апаттан қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиында сөз алған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев: «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған марқұмдардың отбасына көңіл айту жеделхатын жіберді. Бұл жағдайды әрбір қазақстандық орны толмас өкініш ретінде қабылдап, өздерінің қайғыға ортақтасып жатыр. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 28 тамыздағы №210 өкімімен 29 тамыз жалпыұлттық Аза тұту күні болып жарияланды. Күні кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы» үшін Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы қаулығы қол қойды. Ерлікпен қаза тапқан азаматтардың әрқайсысы марапатқа лайықты», деді Б.Сапарбаев.

Мемлекеттік награда марқұмның ұлына табысталды.

2

Жиын барысында өңір басшысы «Халық қаһарманы» Мейіржан Амановтың құрметіне ескерткіш қойылатын айтты.

«Сонымен қатар Бердібек Машбекұлы, ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасына барып, төтенше жағдай кезінде қаза болған №28349 әскери бөлімінің ведомстволық күзет командасының атқышы Оразбек Дәлібаевтың жары мен ұлына III дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды», деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

1