Еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын талаптар өзгерді. Жаңашылдықтар мамандықтарға байланысты енгізілді және жоғары білімнің практикалық бағдарлануын күшейтуге бағытталған.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәселен, бұрын «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша оқытушылардың 45%-ында ғылыми дәреженің болуы міндетті болса, ал қазір бұл көрсеткіш кемінде 50%-ды құрайды. Бұдан басқа, жоғары оқу орындары дуалдық оқыту жүйесін енгізіп, іске асыруы қажет. Яғни студенттер білім беру ұйымдарында тәжірибеден өтіп, ЖОО-да оқу кезінде практикалық дағдыларды алуы тиіс. Бұл үшін университеттер білім беру ұйымдарымен және салалық мекемелермен тығыз байланыста болуы қажет. Былтыр педагогтерді даярлау бойынша талаптар енгізілген. Айталық, білім беру бағдарламаларының педагогтің кәсіби стандартына сәйкестігі және бейінді бағыт бойынша кемінде 7 лицензияның болуы қажеттігі туралы талаптар бар. Бұл педагогикалық бағыттар бойынша білім беретін жоғары оқу орындарының санын 86-дан 55-ке дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осы талаптарға сәйкес келетін жоғары оқу орындарының саны одан да аз болғандықтан, лицензияларды қайтару бойынша жұмыс жалғасатын болады. Мұндай жаңашылдықтардың нәтижесінде педагогтерді сапалы білім беру бағдарламалары мен білікті оқытушылар құрамы бар, сондай-ақ тиісті материалдық-техникалық базамен жабдықталған университеттер ғана дайындайтын болады.
«Денсаулық сақтау» бағытына келер болсақ, оқытушылардың құрамы мен дәрежесі бойынша талаптар өзгеріссіз қалды. Бірақ енді бейінді пәндерді жүргізетін оқытушылардың 50%-ында денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде 5 жыл практикалық және клиникалық жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы оқытушыларға мұндай талаптар қойылмаған. Бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші олардың жалпы санының кемінде 80%-ын құрауы тиіс, ал бұрын 50% жеткілікті болатын.
«Сәулет және құрылыс» бағыты бойынша оқытушыларға кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап алғаш рет енгізіліп отыр. Мұндай оқытушылардың саны педагогтердің жалпы санынан 50%-дан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ оқытушылар кемінде 5 жылда бір рет ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау және өндірістік ұйымдарда біліктілігін арттыруы қажет. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарында енді мамандандырылған аудиториялар (құрылыс материалдары мен құрылыс физикасы бойынша, студиялық сабақтар үшін, гипс фигуралар қоры бар макеттік шеберхана, сәулет бөлшектері, мольберттер және т.б.) және арнайы материалдары бар 3D-принтерлермен жабдықталған зертханалардың болуы талап етіледі.
«Құқық» бағыты бойынша студенттерге жыл басынан 72 ЖОО білім берсе, бүгінде олардың саны 67-ге дейін қысқарды. Дегенмен көпшілігінде білім сапасы көңіл көншітпейді. Сондықтан оқу орындарының білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар күшейтілді. Алғаш рет оқытушылардың кем дегенде 60%-ы кемінде 5 жыл тәжірибесі бар заңгерлер болуы керек деген талап енгізілді. Ғылыми дәрежеден өткен оқытушылар саны 50%-ға дейін өсуі тиіс. Бұрын бұл көрсеткіш 40%-ды құрайтын.
Студенттердің практикалық дағдыларды алу мүмкіндігі болуы үшін жоғары оқу орындарында әділет және/немесе ішкі істер органдарымен (полициямен) және/немесе прокуратурамен және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және/немесе экономикалық тергеу қызметімен және/немесе адвокаттар алқасымен және/немесе нотариаттық палаталармен және/немесе заң консультанттары палаталарымен келісімшарт болуы қажет. Студенттер тек университеттердегі кітапханаларға ғана емес, сонымен бірге лицензияланған халықаралық және ұлттық құқықтық ақпарат қорына да қол жеткізе алуы тиіс.
«Біз барлық жаңашылдықты жоғары оқу орындары білім алушыларға теориялық қана емес, практикалық білім беруі үшін және студенттер таңдаған мамандығын теория бойынша емес, тәжірибе жүзінде игеруі үшін енгіземіз. Өзгерістерді енгізбес бұрын, бұл тетіктерді болашақта ЖОО түлектерін жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілермен талқыладық. Яғни қазір оқытушылардың ғылыми дәрежесінің болуы және олардың дәріс оқуы жеткіліксіз. Оқытушылардың бір бөлігі студенттерді қазіргі еңбек нарығының сұраныстарына сай оқыта алатын тәжірибелі мамандар болуы маңызды. Оқытушы жұмыс істейтін саласына сәйкес сабақ беруі тиіс. Сонда студенттеріміз өздерінің әрі қарай жұмысында қолданылатын білім мен дағдыларға ие болады. Жаңашылдықтар оқытушылар құрамына да, білім беру бағдарламалары, практика базалары және материалдық-техникалық жарақтандыруға да қатысты. Осы кешенді өзгерістердің барлығы оқыту сапасы мен кадрларды даярлау процесін жақсартуға бағытталған. Бірінші кезекте, бұған жоғары оқу орындарының өздері мүдделі болуы тиіс», деп атап өтті БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Сонымен қатар БҒМ «Журналистика», «Қоғаммен байланыс», «Мейрамхана ісі», «Бухгалтерия», «Туризм», «Қызмет көрсету», «Қаржы», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Стандарттау және сертификаттау», «Көлік қызметтері» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша талаптарды өзгертті. Мысалы, егер бұрын журналистика немесе IT саласындағы оқытушылардың кемінде 40%-ында ғылыми дәреженің бар болуы талап етілсе, ендігі кезекте білім беру процесіне тәжірибесі бар мамандарды тарту үшін дәрежелілік пайызы айтарлықтай төмендеді. Штаттағы оқытушылардың болуына қойылатын талаптар бойынша да өзгерістер енгізілді. Енді осы бағыттар бойынша дайындықты жүзеге асыратын жоғары оқу орындары практиктер мен жұмыс пен оқыту процесін қатар алып жүретін мамандарды тарту мүмкіндігіне ие болды.
«Журналистика», «Қоғаммен байланыс», «Мейрамхана ісі», «Туризм» және т.б. бағыттар бойынша кадрлар даярлаудың ерекшеліктеріне сәйкес, біз бұл салаларда оқытушылардың ғылыми дәрежелерінің болуы жөніндегі талапқа басымдық берілмейтінін түсінеміз. Мамандардың практикалық білімі әлдеқайда маңызды. Мәселен, өз тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі журналистика саласында мамандарға қойылатын талаптар туралы айта алатын тәжірибелі журналист сабақ берсе, журналистика факультетінің студенттері оқуға көбірек қызығушылық танытады. Бұл бағдарламашылар, бухгалтерлер немесе аудиторларды даярлауға да қатысты. Жұмыс берушілер арасында жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сай мамандар сұранысқа ие екенін білеміз», – деді Гүлзат Көбенова.
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар