Экономика • 10 Қыркүйек, 2021

10 млн тоннадан астам астық жиналды – АШМ

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 11.8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 74.3% жиналды, деп жазады Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

10 млн тоннадан астам астық жиналды – АШМ

«Ағымдағы орташа өнімділік гектарына 8.7 центнерді құрап, 10.3 млн тонна астық бастырылды. Осы жылдың шілде-қазан айларына жоспарланған 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынының 221,1 мың тоннасы немесе 56% тиеп-жөнелтілді», делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі мұнай өңдейтін зауыттармен (МӨЗ) 156 теңге/литр (189,0 мың теңге/тонна) бағасын белгіледі, операторлардың жеткізуін ескере отырып, өңірлерде орташа баға 177 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 11%-ға арзан (ЖҚС-198 теңге/литр).

Жалпы егін жинау науқаны штаттық режимде өтуде. Ауа райы қолайлы болған жағдайда егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде аяқтап, астық жинау бойынша болжамдар толық орындалады деп күтілуде.