Мұнайлы өңірдегі мерейлі әулеттің қатарында Кенжешовтер отбасы да бар. Исатай ауданының Исатай ауылында мәуелі бәйтеректей жапырақ жайған бұл отбасының бастауында құрметті теміржолшы Құрманбек тұр. Жиырма жасында басталған еңбек өтілінің 44 жылын темір жол саласына арнаған.

Бір таңданарлығы, Құрманбектің өмірлік жары да теміржолда еңбек еткен. Есімі – Гүлден. Екеуі 1974 жылы отау құрған. Содан бері ерлі-зайыптылар өздері шамшырағын жаққан шаңырақтың шуағына бөленіп келеді. Төрт ұлы мен үш қызынан отыздан астам немере-жиен, екі шөбере сүйіп отыр.
– Еңбек жолымды 1969 жылы Құрманғазы ауданындағы Орлы орта мектебін бітірген соң шөп шабатын мехнизаторға тіркеуші болып бастадым. Сол жылы күзде әскер қатарына шақырылдым. Екі жылдық әскерден оралып, 1971 жылы темір жол саласына бет бұрдым. Бастапқыда Ганюшкиндегі №57 дистанциясында жол жөндеуші болдым. Екі жылдан кейін дистанция басшылары Жамбыл қаласына 11 айлық курсқа жіберді. Бұл курстың теміржолшы ретінде білімімді шыңдауға көп септігі тиді, – дейді өмірлік кәсібін теміржолмен байланыстырған Құрманбек Кенжешов.
Күні-түні батыс пен шығысқа ауыр-ауыр вагондар құрамын салдыр-гүлдір қозғап, алыс стансаларға сүйреген тепловоздардың тоқтаусыз жүруіне тікелей септігі тигеніне марқаяды. Өйткені әр стансаның жанынан «ысқырып» өтетін, кейде сағаттап кідіретін тепловоздардың тоқтаусыз жүруі жол жөндеушілер мен монтерлердің біліктілігіне тығыз байланысты. Сол себептен 11 айлық курстан кейін 4-дәрежелі монтерлік кәсіпті меңгерген Құрманбек Кенжешов өз ісін жауапкершілікпен атқарудан жаңылмады. Еңбекқорлықты басты қағидасына айналдырған кейіпкеріміз басшылар жүктеген әр тапсырманы тиянақты орындап, әсіресе жастарға өнеге көрсетті. Содан шығар, 1974 жылы №8 темір жол бекеті ашылып, теміржолшыларға жетекшілік ететін бригадирлік міндет Құрманбекке жүктелді. Басшылардың мұндай таңдауы оны одан әрі ширықтыра түсті.
Оған өмірлік жары Гүлден Мұхамеджанова ұдайы қолдау көрсетті. Себебі екеуі де дана Абай ұлағат еткендей, «Еңбек қылмай, тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» дегенді басты қағидасына балады. Екеуінің ұстанымы – адал еңбек ету. Маңдай термен тапқан нанның дәмі тәтті боларын білді.
– Құрманбектің отбасына 20 жасымда келін болып түскен едім. Ата-енем – өмірден түйгені мол, өте керемет жандар. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан атамыз бейбіт күннің, адал еңбектің қадірін білетін. Алғашқы немересі өмірге келгенде, қуанышында шек болмады. Ал енеміз мені қызындай көріп, бауырына тартты. Білмегенімді үйретті, ақыл-кеңесін берді. Екеуі де «тату-тәтті, қайырымды, қарапайым болыңдар, бірлікке ұйыңдар» деп отыратын. Осының бәрі қайталанбайтын өнегеге толы тәрбие ғой. Қазір келіндерімнің маңдайына шаң тигізгім келмейді. Бір үйде екі бала-келінмен бірге тұрамыз, – деп ақтарыла сыр шертеді Гүлден Мұхамеджанова.
Ата-енесінен алған осынау тәлімді Гүлден бойына сіңіріп, санасына түйді. Қиналған жанға көмек берді. Қайырымдылық танытудан жалықпады. Құрманбектің үлкен әпкесі өмірден өткенде артында қалған төрт баласына бар мейірін төгіп, бауырына басты. Қайынағасының бес баласына да сондай шарапаты тиді. Бәрін өз баласындай тәрбиеледі.
Ерлі-зайыпты теміржолшылар ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Балалары әр салада еңбек етеді. Айбек пен Төлеби мұнай саласын таңдады. Мейрамгүл мен Анаргүл – мұғалім, Бақыт – мемлекеттік қызметші. Медициналық колледжге оқуға түскен Махамбет қазір әскер қатарында борышын өтеп жүр. Отбасылық кәсіптің ізін жалғаған Асылбек 2006 жылдан бері вагон құрастырушы болып жұмыс істейді.
– Темір жол саласын таңдауыма әке-шешемнің еңбекқорлығы әсер етті. Құрметті теміржолшы атанған әкем мен оған қолдау білдірген шешемді үлгі тұтамын. Олардың абыройлы ісін жалғастыру – парызым, – дейді ұлы Асылбек.
Қазір екеуі де зейнеткер болғанымен, үйде қол қусырып отырмайды. Отағасы шарбағына сиыр мен түйе байлап, қой өсіреді. Ал отанасы он жылдан бері бақшасын баптап, немерелерін еңбекке баулып келеді. «Абыройдың да, берекенің де бастауы – адал еңбекте. Еңбекқор адамның абыройы биік, еңсесі тік болады. Ешкімнің ала жібін аттамай, жұмыс істеуден жалықпадық. Бізді еңбекқорлық қана абыройлы, танымал етті», дейді ерлі-зайыпты теміржолшылар бір-бірінің ойын оқып қойғандай.
Атырау облысы
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар