Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021

Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

498 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қыз­метінде өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфра­құрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер, 2021 жылғы құрылыс және реконструкциялау жобалары, жергілікті желіні дамыту, жұмыс сапасы, ақы алу жүйесін енгізу және жол бойындағы қызмет көрсету нысандары туралы әңгімеледі.

Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Қазақстанның автожол саласын ілгері­лету үшін Инфрақұрылым­ды дамытудың 2020-2025 жыл­дарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы әзір­лен­ген болатын. Биылдан бас­тап аталған бағ­дарлама «Қуатты өңір­лер: ел дамуының драй­вері» ұлттық жобасына айналады.

«2020 жылға дейін біз рес­пуб­ликалық маңызы бар жолдардың 13 мың шақырымға жуығын ре­конструкцияладық, бұл респуб­ликалық желінің 89%-ын және жергілікті желінің 75%-ын нор­мативтік жағдайға жеткізуге мүм­кіндік берді. Жалпы, Ұлттық жо­баға сәйкес республикалық ма­ңызы бар жолдардың 12 мың ша­қырымын құрылыс және рекон­струкциямен, ал 11 мың ша­қы­рымын жөндеумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ жергілікті желі жолдарының 27 мың шақырымына жөндеу жүргізу жоспарланған», деді Б.Камалиев.

Вице-министрдің айтуын­ша, биыл жол-құрылыс жұмыста­ры­мен 8,4 мың шақырым, оның ішін­де республикалық желі бойынша 5 мың шақырым, соның 3,6 мың шақырымы реконструкциямен, 1,4 мың шақырымы жөн­деу жұмыстарымен қамтылды. Жергілікті желінің жолдары мен көшелерінде жол-құрылыс жұ­мыс­тары 3,4 мың шақырым жол­да жүргізілуде. Жыл қорытынды­сы бойынша республикалық автомобиль жолдарының 90%-ын және облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 80%-ын нормативтік жағдайға жеткізу көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Орталық-Оңтүстік» дәлізін дамыту қарқын алды. Бүгінгі таңда реконструкция жұмыстарымен ұзындығы 955 шақырым болатын Қараған­ды – Балқаш – Бурылбайтал – Күрті – Қапшағай учаскесі қам­тылған. Еліміздің шығысында Тал­ды­қорған – Өскемен (768 ша­қырым) және Қалбатау – Май­қап­шағай (415 шақырым) автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Үшарал-Достық» (184 шақырым) авто­жолының, «Мерке – Бурылбайтал» (262 шақырым), сондай-ақ, ұзындығы 96 ша­қырым болатын «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолдарының реконс­трукциясы жүр­гізіліп жатыр. Ба­тыс өңірде Ақтөбе – Атырау – Астрахань (740 шақырым) дәлізін жа­ңарту бойынша жұмыстар қар­қын ал­ды. Сондай-ақ Шамал­ған стансасының темір жол өт­ке­лін­де жол айрығының құ­ры­­лы­сы жал­­ғасуда. Жалпы, жыл қоры­тын­дысы бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 2,2 мың шақырымында жұмыстарды аяқ­тау жоспарланған. Атал­ған жоба­лар 2021-2023 жылдары кезең-кезеңмен тәмамдалады. Бұдан бө­лек, мем­­лекет-жекеменшік әріптестігі аясын­да Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы­ның құрылысы жүргізілуде, ол 2024 жылы аяқталады.

«2025 жылға дейін біз об­лыс­тық және аудандық маңызы бар автомобиль жол­дарының нор­мативтік жағдайдағы үле­сін 95%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл жергілікті желідегі 3,4 мың шақырым жолды қамти отырып, құрылыс, реконструкция мен жөндеудің 337 жобасы іске асырылуда», деді спикер.

Брифинг барысында жол­дар­ға ақылы жүйе енгізу мәселесі де кө­терілді. «Ақы­лы жолмен жүру та­рифтері 2013 жылы бірінші ақылы учаске енгізілген кездегі деңгейде қалғанын атап өту қажет: жеңіл автокөліктер үшін – 1 шақырымына 1 тең­­ге, ауыр жүк көліктері үшін – 1 шақы­­ры­мына жүк көтерімділігіне байланыс­ты
5 тең­геден 25 теңгеге дейін», деді ве­домство өкілдері.

Б.Камалиевтің айтуынша, ақы­­лы жүйе автожолдарды нор­ма­тивтік күтіп ұстау үшін енгізіліп жатыр, аталған жүйе шығын­дарды толық көлемде жабуға және рес­публикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін ақылы жүйені рес­публикалық желідегі автомо­биль жолдарының 11 мың шақы­ры­мына енгізу көзделген. Сон­дай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 100%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілмек.

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрлігі өкіл­де­рінің айтуынша, бүгінде рес­пу­б­ликалық маңызы бар жол­дардың бойында 1 738 қызмет көр­сету ны­саны бар, олардың 1 093-і немесе 63%-ы
Ұлт­тық стандарт талаптарына сәйкес ке­леді. 2021 жылдың соңына дейін бұл көр­сет­кішті 66 %-ға дейін арттыру қажет.