ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджет атқарылуының қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономиканың дамуы, ақша-несие саясаты, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына қатысты жағдай туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, өнеркәсіп пен энергетика секторының дамуы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, агроөнеркәсіптік кешендегі ахуал туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады.
Үкімет басшысы Қазақстан экономикасының көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейге жеткенін және сенімді қалпына келу серпінін көрсетіп отырғанын атап өтті. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 5,8%-ға, сауда саласында 9,1%-ға, байланыс саласында 12,8%-ға, сондай-ақ құрылыста 11,4%-ға өсу бар. Осы жылдың 8 айында елімізде 8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға артық.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім фармацевтикалық өнім өндіру көлемінің 40,8%-ға, машина жасаудың 23,9%-ға, мұнай өңдеудің 9,2%-ға, былғары бұйымдарын шығарудың 8,4%-ға, азық-түлік өнімдерін өндірудің 4,8%-ға және химия өнімдерінің 2,2%-ға ұлғаюымен байланысты.
ОПЕК+ аясында мұнай өндіруге қойылған шектеулерді ескере отырып, тау-кен өндірісі секторындағы өсу қарқыны шектеулі (-1,4%) болып қалып отыр.
Көрсетілетін қызметтер секторындағы өсу қарқыны қалпына келіп жатыр және қазіргі уақытта саудадағы (+9,1%) және байланыстағы (+12,8%) жоғары динамика есебінен 2,3%-ға жетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі тау-кен өндірісін есепке алмағанда 18%-ды құрады. Бұл құрылыста (+150,1%), өңдеу өнеркәсібінде (+81,7%), ауыл шаруашылығында (+43,2%), саудада (+39,9%), ақпарат пен байланыста (+37,0%), жылжымайтын мүлік операцияларында (+16,2%) және көлік қызметтерінде (+9,0%) негізгі капиталға салынған инвестициялардың жоғары көрсеткіштері есебінен орындалды.
Биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындылары бойынша Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы 6 көрсеткіш бойынша, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Алматы қаласы 5 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Батыс Қазақстан облысы ең төменгі көрсеткіштерге ие.
Үкімет басшысы әкімдіктерге көрсеткіштердің төмендеуі мен баяулауы байқалатын экономика секторларында өсу қарқынын арттыруды, экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестициялар тарту және жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге бағаны ұстап тұруды күшейту, Сауда және интеграция министрлігіне Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенін іске асыруды нақты үйлестіру тапсырылды.
«Барлық өңірлер әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз етуі қажет», деді А. Мамин.
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Ұқсас жаңалықтар