Технология • 16 Қыркүйек, 2021

Виртуалды кеңістіктегі қылмыс қалай әшкереленеді?

780 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елімізде апта сайын шамамен 3 мыңға жуық қылмыс жасалса, ­оның 2 мыңнан астамы бір тәулік ішінде ашылады. Полиция қызметкер­лері жедел ашылған қылмыстарға әдетте «ізі суымай әшкереленген» ­деп анықтама беріп жатады. Ал заңсыздықтардың ақ-қарасын дер кезін­де анықтап, қылмыскерді дөп басып тануда криминалистердің алар орны қандай?

Виртуалды кеңістіктегі  қылмыс қалай әшкереленеді?

Дүние жүзіндегі барлық елдің өмір сүру дағдысына өзіндік түзе­тулерін енгізген пандемия қылмыс әле­мін де өзгертті. Қылмыстың жаңа түрлері пайда болып, қашықтан жасалатын заңсыздықтар белең алды. Онлайн сауда-саттық қызған са­йын интернеттегі алаяқтық та өрши түсті. Интернет арқылы тауар сатамын деп, бар ақшасынан айырылып қалғандардың саны күн санап өсіп келеді. Алаяқтар интернетте кең таралған платформалар арқылы тауар тасымалдау, жұмысқа орналас­тыру, ұтыстар секілді түрлі жалған ұсыныстарын айтып, енді бірі өздерін банк қызметкерімін деп таныстырып талайды сазға отырғызып кетіп жүр. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті соңғы бір айда елімізде 3500-ге жуық интернет алаяқтықтың тіркелгенін хабарлайды. Ал ІІМ-нің мәліметтеріне сүйенсек, алаяқтық қазіргі таңда жалпы қылмыстың 27 пайызын құрайды екен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл қылмыс түрі 6 347-ден 8 441-ге дейін, яғни 33 пайызға артқан. Ал интернет алаяқтықтың өсуі тіпті 139 пайызға жеткен. Былтыр елімізде 1700-ге жуық интернет алаяқтық тіркелсе, биыл бұл сан 4 мыңнан асып жығылған. Заңға қайшы жұмыс істеп келген 1600-ден астам сайт бұғатталса, ІІМ елімізде заңсыз интернет ресурстардың ұзын саны 2 мыңнан асып жығылады дейді.

Сол себепті де ғасырлық тарихы бар криминалистика саласында да «компьютерлік криминалистика» деген жаңа ұғым пайда болды. Бұл – виртуалды әлемде де қылмыскердің «қолтаңбасы» қалады дегенді біл­дірт­се керек. «Компьютерлік крими­налистика» дегеніміз не? Бұл сала­да IT мамандардың алар орны қан­дай? Ақпараттық технологиялар са­ла­сын­дағы қылмыстардың жолын ке­су­де криминалистиканың «дәс­түрлі» түрлері қаншалықты қолда­ны­лып жүр? Осы сұрақтарға егжей-тегжей жауап берген ІІМ Жедел кри­ми­на­листикалық департаменттің кри­ми­налисі Жақсылық Көрпебаев онлайн алаңда жасалатын қылмыстардың да ізі қалатынын жоққа шығармады.

«Қазіргі уақыт – компьютерлік, ақпараттық технологияның қарқынды дамыған кезі. Осыған орай көптеген қылмыс түрі виртуалды кеңістікке қарай ойысты. Бұл кеңістіктің шекарасы жоқ болғандықтан бір қылмыс бірнеше мемлекетпен байланысты болуы әбден мүмкін. Соның салдарынан мұндай қылмыстарды ашудың өзіндік қиындықтары да жетіп артылады», дейді криминалист маман. Департамент қызметкері интернет кеңістікте де қылмыскерлердің әртүрлі іздері қалатынын айтады. Бұл іздерді де сол баяғы криминалис­тика зерттейді. «Мұндай сала қазіргі уақытта «компьютерлік криминалис­тика» деген атауға ие. Жаңа салада да біз артта қалып отырғанымыз жоқ. Бүгінде департаментте IT саласының мамандары қызметке алынып, зерттеу түрлерінің әдістемесін даярлауда» деген Ж.Көрпебаев криминалистика қызметінің көпшілік біле бермейтін қыр-сырына да тоқталды.

«Криминалист сот-медицина ғы­лымының негіздерін білуі тиіс. Ал кейбір криминалистикалық зерт­теу­лерді жүргізу математика, физика, химия ғылымдарын білуді та­лап етеді. Мысалы, «полиграф» құ­ра­лының көмегімен арнайы пси­хо­физиологиялық зерттеулер жүр­гізу үшін криминалист «психолог» ма­ман­дығын жетік білуі қажет. Бал­листикалық зерттеулерді жүргізу үшін физика мен химия ғылымдарын толық меңгеріп, заңдылықтарын қолдана білу керек. ДНҚ зерттеулерін жүргізу биология мен басқа да жаратылыста­ну ғылымдарын толық меңгеруді қажет етеді», деген маман оқиға орнын қа­рау барысында егер криминалистің көкжиегі кең, ой-өрісі дамыған, ойлау қабілеті өзгеше болса, қылмыстың қалай болғанын, қылмыскердің қандай іс-қимыл жасағанын, оны анықтау жолын бірден таба білетінін айтады. Криминалист фотографияның да қыр-сырын білуі керек. Өйткені бүгінде бұл сала да толыққанды бір бағытқа айналды. Осы сала арқылы әлемге әйгілі болып отырған фотографтар да бар. «Белгілі бір шектеуге келмейтін шығармашылық саланы жан-жақты меңгеріп, оны қылмысты зерттеуде қолдана білу де үлкен өнер», дейді ол.

Қазіргі таңда қазақстандық криминалистер көптеген шетелдің осы саладағы мамандарымен тәжірибе алмасып, білім-біліктіліктерін жетіл­діріп келеді. Бұл мақсатта түрлі оқу курс­тары да ұдайы өткізіліп тұ­ра­ды. Жақында ІІМ Жедел крими­на­­листикалық департаменттің қыз­меткерлері Францияға арнайы барып, заманауи дактилосокопиялық бағ­дарламаны меңгеріп келді. Одан бө­лек Интерпол Ұлттық орталық бюро­сының мұрындық болуымен кри­миналистиканың әртүрлі салалары бо­йынша онлайн форматта курс­тар ұйымдастырылып жүр.

100 жылдан артық тарихы бар «дактилоскопия», яғни қол саусақ іздерін зерттеу саласы да бүгінгі таң­да көп өзгеріске ұшыраған. Қа­зіргі таңда «Дактилоскопиямен» шек­тесіп жатқан «дерматоглифика» се­кілді бөлек ғылым пайда болуда. Бі­рақ осы саланың өзін терең зерт­теп, қызығушылық білдіретін қазақ­стандық криминалистер аз емес. Олар­дың бірқатары ІІМ жүйесінен де та­былады.

«Біздің қызмет әлемдік кри­ми­налистикадан артта қалып жат­қан жоқ» деген полиция подпол­ков­нигі бұл са­лаға мемлекет тарапынан да қол­даудың күн санап артып келе жат­қанын айт­ты. Мәселен, биылдан бас­тап «Дак­тилоскопиялық және ге­ном­дық тіркеу туралы» заң қол­даныс­қа енгізілді. Заң аясында әлем­дегі ең да­мыған тех­ника мен тех­нологияны қол­дана оты­рып, крими­налистика­лық есептер толықтай автоматтандырылып, цифр­ландырылуда. Бұл дегені­ңіз елі­мізде мемлекеттік қауіпсіздік­ті қам­тамасыз етуде кри­ми­налистика­лық әдіс-тәсілдер толы­ғымен пайда­ланып келеді деген сөз.

Интернет алаяқтық алқымнан алып, ақпараттық технологияларды пай­­­­далана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтар көбейген сайын ІТ мамандарына деген сұраныстың арта түсетіні сөзсіз. Ал қылмыстың ізін суытпай әшкерелейтін криминалистер ақпараттық технологиялар саласынан сауатты болса, қоғамға қиянат жасайтындарды ауыздықтау айтарлықтай жеңілдері әрі жеделдетілері анық. Бір ғана дерек келтіре кетейік. Биыл 9-15 тамыз аралығында ел көлемін­де Anti-Fraud жедел-алдын алу іс-ша­ра­сы өтті. Операцияның басты көз­дегені – ақпараттық технологиялар­ды пай­далана отырып жасалған қыл­мыстардың алдын алу, анықтау және жо­лын кесу. Осы іс-шара кезінде «ком­пьютерлік криминалистердің» кө­мегімен бұрын жасалған 433 қыл­мыс­тың беті ашылған.