Білім • 20 Қыркүйек, 2021

Жетпіске жуық өтініш түсті

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқу жылы басталғаннан бері Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне азаматтардан 70-ке жуық өтініш келіп түсіп, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері шаралар қабылдады.

Жетпіске жуық өтініш түсті

Мәселен, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Б.Ома­ров атындағы №50 мек­теп мұ­ға­лімдері мектеп дирек­торының мін­­детін атқарушы оларды ку­рорт­­тық аймақта гольф алаңын тазалау жұмысына тартқаны үшін шағымданды. Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін лауа­зымды тұлға қызметінен босатылды.

Түркістан облысында бала­бақша тәрбиешісі қызметінен заңсыз босатылған, алайда әкім­діктің білім басқармасы оның құқығын қалпына келтіру бо­йынша шаралар қабылдамаған. Білім саласында сапаны қам­тамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменті қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана тәрбиеші бұрынғы жұ­мысына қайтып оралды.

Атырау облысында педаго­ги­­­калық этика ережелерін бұз­ғаны үшін Қ.Ахмедияров атында­ғы орта мектептің мұғалімі жұ­мы­сынан босатылды.

Алматы облысында депар­­­та­мент қызметкерлері мұға­лім­нің өтінішінен кейін шаралар қа­был­дады. Өтініште мұғалім білім беру ұйымдарында ақша жинау және оларға тән емес функ­цияларға тарту фактілері туралы хабарлаған. Мәселе қа­ралғаннан кейін Текелі қала­сындағы №6 орта мектебінің ди­ректорын қызметінен босату туралы шешім қабылданып, осы­ған ұқсас фак­тілер растал­ды. Сонымен қа­тар Текелі қа­ласы әкімдігінің білім бөлімі бас­шысының м.а. тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсы­нылды.

Педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерінің ең көп бұ­­зылуы Түркістан және Ал­маты об­лыс­тарында байқалады. Сонымен қатар әлеуметтік же­лі­лерде иммундау шара­лары бойынша тізім жасау туралы құ­жат жарияланды. Мұндай ақ­паратты жинау жө­ніндегі бұй­рық Білім және ғы­лым ми­нистрлігінде қарасты­рыл­маған. Аудандық білім бөлі­мінің басшысы тәртіптік жауап­кершілікке тартылды.

Айта кетейік, Білім және ғы­лым министрінің тапсырма­сы бойынша әр облыста педа­гогикалық әдеп жөніндегі комис­сия­лар құрылды, олар педа­гог­тердің құқықтарын бұзу бойын­ша өтініштер мен фак­тілерді жедел қарайды.