05 Мамыр, 2010

ФЕСТИВАЛЬ АТАУЫ – ДОСТЫҚ

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Иә, тақырыпқа шығарып отыр­ғ­аны­мыздай, Орал өңірінде XІ об­лыс­тық Достық фестивалі басталды. Ол Қазақстан халқы Ассамблея­сының 15 жылдығы құрметіне арналып отыр. “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” дегендей, биылғы фестивальдің басты ерек­шелігі – кең ауқымдылығында. Қатардағы еңбек ұжымдарынан бастау алған фестиваль бағдарла­масы жыл аяғы­на дейін созылмақ. Ол өз аясына бес мыңнан астам адамды қамтиды. Фестивальдің алғашқы күндері Ақжайықтағы этномәдени бірлес­тік өкілдері мен мәдени-ағарту орталықтар мазмұнға бай тартым­ды да тағылымды көрмелерді жұртшылық назарына ұсынды. Темір ҚҰСАЙЫН. ОРАЛ.