
«Жалпы, 800-ге жуық оқулыққа ұсыныс келіп түсті. Ұлттық комиссия жанындағы арнайы жұмыс тобы оларды қарап, сараптап, аударылуы тиіс оқулықтардың критерийлерін шығарды. Оқулықтар сол талаптардың негізінде іріктелді. 100 оқулықты аудару жұмысы кезең-кезеңге бөлінді. Алғашқы жылы 17 оқулық, содан кейін 30, одан соң 30, соңында қалған 23 оқулық аударылып, жоба мәресіне жетті. Біз дүние жүзіндегі аударма ұйымдарының жұмыс тәсілін, технологиясын зерттедік. Сондай-ақ, оқулық шығарумен айналысатын университеттердің жанындағы алдыңғы қатарлы баспа үйлерімен, халықаралық үлкен баспа үйлерімен байланыс орнаттық. Редакция алқасы құрылып, әр кітапқа жауапты ғылыми редактор, әдеби редакторлар таңдалды», деді Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры.