05 Мамыр, 2010

“ӨНІМДЕРІНІҢ” ЕСЕП БЕРУІ

652 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Осыдан тура бір жыл бұрын, 2009 жылдың 28 сәуірінде мұнай өнімдерін бөлшек сату нарығында ұлттық оператор ретінде мемлекет атынан әрекет ететін жаңа компания өмірге келді. Осы жылы “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ өзінің кішігірім мерейтойын – құрылғанына бір жылдығын бірқатар әлеуметтік жобалармен атап өтті. Қалалық бақта таңертеңнен болған қарбалас өткен-кеткеннің назарын аударды. Таңертеңгілік жаймашуақ күні күрек, суқұй­ғыш­тармен “қаруланған” бірқатар адамдар тобы ағаш егумен қызу айналысып жатты. 28 сәуір күні, “ҚазМұнайгаз Өнімдері” акцио­нер­лік қоғамының  қызметкерлері өздерінің жұмыс күнін осылай бастады. Бір сағаттың ішінде “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ жеке аллеясы пайда болды. Ор­та­лық бақ енді тіпті сұлулана түсті, қаз-қатар тізілген пирамидалы теректер, татар үйеңкілері мен талдар жайқалып өсіп, елорда тұрғындары мен қонақтарының көз жауын алатын болды. Ағаштарды салғаннан кейін компания делегациясы бірден №18 “Аяжан” балабақшасына бар­ды. Бұл мектепалды меке­ме­сі­нің басқаларынан ерекшелігі, мұн­да мүмкіндіктері шектеулі бүлдір­шін­дер тәрбие­ле­неді. “Біз балаларға, әсі­ресе көмекті шынымен қажет ететіндерге, нақ­ты істермен көмек көр­сет­кіміз келді. Сіздердің балабақшаңыз – БЦС (ДЦП) ауыратын балалар тобы тәрбиеленетін елордадағы жалғыз балабақша болып табылады. Осы сәбилеріміздің бақытты балалық шағы болып, сауығып кетуіне мүмкіндігі болғанын қалаймыз. Біз барлығымыз да бала тәрбиелеп отырған ата-анамыз, осы балалары­мыз үшін өмір сүріп жатырмыз, олар – біздің болашағымыз, олар­дың дені сау болып, бақытты бол­ғанын тілейміз”, – деп атап өтті өз сөзінде “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ бас директоры Жанат Түсіпбеков. Туған күнде сыйлық алу дәстүрі қалыпты болса, жас ұжым бүлдір­шіндерге өздері кішігірім мереке жасап берді. Балабақша есеп-шоты­на аударылған бір күндік жал­ақы­ларынан басқа, компания қажетті медициналық жабдықтар, ойын­шық­тар, DVD-ойнатқышымен теле­дидар сатып алды. Сәбилерге сый­лықтар өте ұнады, олар ризашы­лық­тарын білдіре отырып, келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Бүлдіршіндер өлеңдер оқыды, әндер орындады, қонақтармен бірге би биледі. “Үлкен болғанда, мен дәрігер бо­ламын және балаларды емдей­мін”, – деп балабақша тәрбиелену­шісі Әділхан Рамазанов қоштасарда Жанат Түсіпбековке сөз берді. “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ  құ­рылған кезеңінен бастап мем­ле­кетпен қойылған әлеуметтік мін­дет­темелерді шешу мүмкіндігін және бизнеске бағдарланған күшті ұйым болып қалуды оңтайлы үйлестіре білгенін атап өткеніміз жөн. Компанияға отандық ауыл ша­руашылығы өндірушілеріне уақтылы қолдау көрсету бой­ын­ша міндет жүктелген. “Қаз­Мұ­най­Газ Өнімдері” АҚ егу және жинау науқаны кезеңінде ЖЖМ-ды жеңілдікті баға бойынша үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Бір жылдық жұмысының ішінде республиканың түрлі об­лыстарында республикалық, қа­лалық және аудандық маңыздағы жолдарда барлығы 100-ге тарта жанар-жағармай құю стансасы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда “ҚазМұнайГаз” сауда үйі” АҚ құрамында бұрын енгізілген ЖМҚС-ын қоса алғанда, жанар-жағар май құю стансаларының жалпы саны 270-ті құрайды. “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорына енеді. Компания қор­дың басқа да қатысу­шы­лары­мен қатар, ұлттық экономиканың тұрақтануына жәрдем етеді, мұнай өнімдерін бөлшек сату нарығында бәсекеге қабілеттілікті және ашық­тықты дамытуға белгілі бір үлес қосады, сондай-ақ Үкімет тапсырмаларын орындауға жауапкершілікте болады.