Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2021

«Astana Media Week-2021» қорытынды күніне шолу

460 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еліміздің медиа саласындағы басты шарадардың бірі «Astana Media Week-2021» екінші күнінің аясында сарапшылар қауымдастығы қоғам мен БАҚ-тың жаңа, ковидтен кейінгі әлемдегі рөлі жайлы әңгімелеп, Қазақстандағы жарнамалық медиа нарығының перспективаларын талдады, деп жазады Egemen.kz.

«Astana Media Week-2021» қорытынды күніне шолу

Шараның екінші күні «ҚР Тәуелсіздік кезеңінде БАҚ-тың қалыптасуы» тақырыбындағы дөңгелек үстелден басталды. Қатысушылар қазақстандық телевизияның дамуы, Журналистер одағының құрылуы және кадрларды даярлау мәселелері туралы пікір алмасты.

Кейін «Қоғам және БАҚ жаңа, ковидтен кейінгі әлемде» атты панельдік дискуссия өтті. Оған Қазақстан, Швейцария, Австрия елдерінің сарапшылары қатысты. Панельдік дискуссия қатысушылары қоғамдағы өзгерістер және оның қазіргі заманғы БАҚ-қа қоятын талабы туралы ой бөлісті.

1

«ҚР жарнамалық медиа нарығы: ағымдағы жағдай, даму перспективалары, проблемалар мен шешімдер» тақырыбындағы дөңгелек үстелі аясында Орта Азия жарнама қауымдастығының сарапшылары мен ірі ТВ-сейлз-хаус өкілдері жарнамалық медиа нарығындағы қазіргі жағдаймен бөлісті. 

Қатысушылар индустрияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қазіргі жағдайларды ескере отырып, заңнамаға өзгеріс енгізу жөнінде талқы жасады. Сондай-ақ барлық мәселе бойынша мемлекеттік органдар мен ОАЖҚ арасындағы әрекеттердің алғашқы қадамдары жайлы келісті.

«AMW» барысында тұңғыш рет «Fremantle» телевизиялық контентінің еуропалық дистрибьюторы, «Sony Pictures» фильмдері мен телевизиялық бағдарламаларының өндірушісі және дистрибьюторы, «Nbc /Universal» американдық масс-медиа компаниясы, «Kiss Media» телевизиялық өнімдер мен медиа компанияның дистрибьюторы «Global Agency» өкілдері үздік өнімдерінің тұсаукесерін жасап, Formats Day өткізді. Шара қатысушылары өндірушілердің серіктесі болу мүмкіндігін алды.

1

Astana Media Week-2021 аясында «Біз біргеміз!» атты әлеуметтік бейнеролик сценарийлерінің тұсаукесері өтті. Шараны «Хабар» Агенттігі» АҚ ұйымдастырды. Жобаға оннан астам қазақстандық продюсер мен сценарист қатысты. Барлығы 20 сценарий ұсынылған, бірақ тек 9 қатысушы іріктеу кезеңінен өтіп, идеясын ұсынды. Нәтижесінде Айнұр Асылбекқызы «Отбасылық құндылықтар» атты категориясында жүлдегер атанды. Лимара Бектұрғанова «Экология» категориясында ең үздік сценарист  атанды. «Қаржылық сауаттылық» тақырыбы бойынша жеңімпаз ретінде Сүлеймен Нұрдәулет танылды. Аталған сценарийлер бойынша дайын бейнероликтерді «Хабар» және «Хабар 24» телеарналары көрсетеді.

1

«Qazaqstan» РТРК ұйымдастырған питчинг барысында болашақ сериалдардың сценарийі талқыланды. Мұнда отандық продакшн-студия өкілдері 2022 жылға арналған жаңа сериалдар үшін идея мен ұсыныс білдірді. Astana Media Week-2021 аясында өтіп жатқан байқауға 21 компания өтінім берген. Телевизиялық жұмыстар Қазақстанның тарихи қайраткерлеріне, ата-бабаларымыздың тарихи мұрасын, ауыл өмірін насихаттауға, рухани астанасы - Түркістанға, тарихи Отанына оралған қандастарға, құтқарушыларға, спортты, халық кәсіпшілігін, ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналуы тиіс. Корпорация жариялаған байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

1

ҚР АҚДМ баспасөз қызметінің жазуынша, апталықтың екінші күні 6425 рет онлайн қаралған. Ең үлкен аудитория 25-34 жас шамасындағылар болған.

«Қоғам және БАҚ жаңа, ковидтен кейінгі әлемде» атты панельдік дискуссия осы күннің ең зор сұранысына ие болды. Оған 1574 адам қосылды. Сосын ең көп қаралған шара «ҚР жарнамалық медиа нарығы: ағымдағы жағдай, даму перспективалары, проблемалар мен шешімдер» дөңгелек үстелі болды. Сарапшылар пікірталасына 1248 көрермен қосылды. Сондай-ақ «Қазақ радиосы. Эфирде 100 жыл» шеберлік сағатының аудиториясы да 1136 көрерменге дейін жетті», деп жазылған хабарламада.

111