Тобыл өңіріне Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен келді. Министр ең алдымен облыс әкімімен бірге Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ағартушының рухына тағзым етті. Қостанайда биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы да кеңінен аталып өтуде.

«Оқушыға құштар мектеп» жобасы жүзеге асырылуда
Ведомство басшысы жұмыс сапары барысында Мичурин ауылдық мектебіне барды. Биыл Nur Otan партиясының бағдарламасы шеңберінде мектепті модернизациялауға қосымша қаржы бөлінген. Ұстаздар жаңа оқу жылы қайта оралған 45 минуттық сабақтың қолайлы екенін айтты. Әр сабақтың бес минуты былтыр оқу жылы қашықтан оқыған балалар түсінбей қалған тақырыптарды пысықтауға кетеді. Бастауыш сыныпқа бас сұққан А.Аймағамбетов балалардан «Мектепке келіп оқыған ұнай ма?» деп сұрап еді, оқушылар «Ұнайды! Сыныпта оқығаннан артық ештеме жоқ!» деп жамыраса жауап берді. Сондай-ақ мектептегі бейнебақылау камералары мен дабыл батырмаларының жұмысын тексерді.
Одан кейін облыстағы білім беру мекемелерінің, аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен кездесіп, колледж директорларын тағайындау ережелеріне, ротациялауға, мұғалімдерді жұмысқа қабылдауға, білім беру саласында вертикалды басқару жүйесін енгізуге қатысты сұрақтарға жауап берді. Жиында мұғалімдерді қайта даярлаудың маңыздылығы және тірек мектептер мен олар бекітілген білім беру мекемелерінің өзара байланысында орын алып отырған қиындықтар жөнінде мәселелер қозғалып, ауылдық мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізу қажеттілігі туралы айтылды. Ал колледж қызметкерлері академиялық еркіндік, колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын синхрондау мәселелерін көтерді. Сондай-ақ колледжден кейін студент білім алу үрдісін жоғары оқу орнында жалғастырған кезде оның колледждегі нәтижелерінің ескерілуі сияқты мәселелер талқыланды.
– Қостанай облысында «Оқуға құштар мектеп» жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр, сондай-ақ мектептерге арнайы көркем әдебиет сатып алынған, мектеп кітапханаларының жаңғыртылып жатқанына көңілім толды, – деді А.Аймағамбетов.
Білім және ғылым министрі Қостанай полтехникалық колледжінде «Жас маман» жобасы бойынша жұмыс істеп жатқан зертханалар мен шеберханалармен, оқу үдерісімен танысты. Мұнда студенттің тәжірибелік дағдыны меңгеруіне қолайлы, заманауи құрылғылар орналасқан, құрал-жабдықтар Франция, Германия, АҚШ, Беларусь және Италиядан сатып алынған. Колледж директорының айтуынша, кәсіби білім беретін білім ордасында 1200-ден астам студент оқиды. Олардың арасында болашақ электромеханиктер, электр монтажшылар, наубайшылар, кондитерлер мен астық өңдеу өнеркәсібінің мамандары бар.
А.Аймағамбетов А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университеті жанынан ашылған Sweet baby балабақшасында болды. Осы балабақшада «Мектепке дейінгі оқу мен тәрбие» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтіп жатқан университет студенттерімен кездесіп, бүгінгі таңда ЖОО-дағы білім беру үдерісінде дуальды оқытудың маңызды екенін айтты.
– Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет студенттерге практикалық білім беру барысында дұрыс бағыт алғанын атап өткім келеді. Университетке кіреберісте тұрған техника – «КамАЗ» көлігі бірден көзге түседі. Өздеріңіз білетіндей, Қостанай облысының индустриялық аймағында екі жаңа «КамАЗ» зауыты салынып жатыр. Бүгінде жоғары оқу орнында машина жасау мамандығын игеріп жатқан студенттер тәжірибеден өтіп, әрі қарай осы кәсіпорындарда жұмысқа орналасуы үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар осы жазда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 30 студенті Ресейдегі «КамАЗ» кәсіпорнында екі ай бойы өндірістік практикадан өтті. Бұл Қостанай өңірлік университеті мен Қазан федералдық университетінің Набережные Челны институты арасындағы меморандумның нәтижесінде мүмкін болып отыр. Сонымен бірге жұмыс берушілер жоғары оқу орнына келіп, дәріс оқиды. Бұл тәжірибе белгілі бір мамандық бойынша тереңдетіп оқыту үшін енгізілген. Олардың арасында «Агромашхолдинг» өнеркәсіптік кәсіпорнының және құс фабрикаларының өкілдері, тамақ өнеркәсібінің өндірушілері бар, – деді министр.
«Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Тобыл өңіріндегі жұмыс сапарының екінші күні Білім және ғылым министрі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай Қостанайдағы
«Жастар» сарайында өткен мұғалімдердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысып, «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
– Биыл оныншы рет өткізіліп отырған байқаудың мән-маңызы мен конкурс жеңімпаздарына ерекше тоқтала кеткім келеді. Өйткені биыл мұғалімдер мерекесі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында әрі ғалым Ыбырай Алтынсариннің мерейтойымен тұспа-тұс келіп, қасиетті Тобыл-Торғай жерінде өтіп отыр. Сіздердің еңбектеріңіз ерен, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық. Өйткені ол – мектептің жүрегі» деген ұлағатты сөзі бар. Шын мәнінде, тәуелсіз еліміздің білікті ұстаздары ұлы ағартушы армандаған мұғалімнің нағыз өзі, –
деді А.Аймағамбетов.
Салтанатты жиын барысында еліміздің әр өңірінен келген «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының 64 жеңімпазы марапатталды. Олардың ішінде Қостанай педагогикалық колледжінің шет тілдер кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Әділжан Бөкенбаев, Қостанай қаласының №6 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оксана Лауто, Жітіқара гимназиясының география пәні мұғалімі Айнұр Назаркенова, Арқалықтағы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның биология және география пәні мұғалімі Александр Пэк бар. Үздік ұстаздардың әрқайсы 2 млн 900 мың теңгенің сертификатына ие болды.
– Байқау оңай болған жоқ. Біздің жұмысымыз қалалық және облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша ұсынылды. Бұл – менің ғана емес қолдау көрсеткен әріптестерімнің, талантты да білімді шәкірттерімнің жемісі, – дейді Арқалықтағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның мұғалімі Александр Пэк.
Салтанатты жиында Қостанай облысының 11 мұғалімі «Ы.Алтынсарин» және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерін тақты, сондай-ақ педагогика саласында жемісті еңбек еткен ардагерлер марапатталды.
Мұғалімдердің мерейін тасытқан шарадан кейін А.Аймағамбетов ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ы.Алтынсарин және ағартушылық тағылым: тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференция барысында Ыбырайдың ағартушылық идеялары мен еліміздің білім беру жүйесін қалыптастырудағы қызметі туралы айтылды. Сонымен қатар ағартушы мұрасын зерттеу, қайта зерделеу және кеңінен насихаттау мәселелері қозғалды.
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Бүгін, 22:01
Қырғыз соты Алмазбек Атамбаевты кінәсіз деп таныды
Әлем • Бүгін, 21:47
«Тұмар-2022» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 21:05
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:42
Салық жүйесі тұрақты әрі түсінікті болуы керек – Ерлан Қошанов
Үкімет • Бүгін, 20:22
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 20:00
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Ұқсас жаңалықтар