Биыл Маңғыстауда орын алған қуаңшылық өңірде ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы саласына жете назар аударуды күн тәртібіне шығарды. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі малға қажетті құдық қазуға қосымша субсидия бөлу мүмкіндігін қарастыруда.

25 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті.
Жиынға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ардагерлері, шаруа қожалықтарының иелері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, мал иелері мен мемлекеттік орган өкілдері сұхбат құрып, пікір алмасты.
Кездесуде жемшөп дайындау, мал жайылымына жер беру, құдық қазу сынды бірқатар мәселе қаралды. Аймақ басшысы белсенділік танытқан азаматтарға алғысын айтып, жауапты тұлғаларға ауыл шаруашылығы саласын жақсартуға арналған әр азаматтың ұсынысын зерделеуді тапсырды.
Жиында сондай-ақ қазіргі таңда Маңғыстау облысының әкімдігі мал суаруға қажетті құдық қазуға арналған субсидияның көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны айтылды.
– Төрт түлік үшін судың аса маңызды тіршілік көзі екенін барлығымыз білеміз. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына келген сапарында Үкіметке құдық қазуға берілетін субсидия көлемін 50-ден 80 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Бұдан бөлек, қазір біз құдық қазуға жұмсалатын шығындарды тағы 10% жергілікті бюджеттен субсидиялауды қарастырып жатырмыз. Нәтижесінде, субсидияны 90%-ға дейін ұлғайтқымыз келеді. Мәселе мұқият зерделеніп, оң шешімін тапса, облыстық мәслихатқа ұсынатын боламыз, – деді өңір басшысы.
Нұрлан Ноғаев сондай-ақ жиналғандарды ауыл шаруашылығын дамыту мен мал бағуда тиімді тәсілдерді қолдануға шақырды.
– Биылғы қуаңшылық облыстағы барлық мал иесінің басына түскен ортақ қиыншылық, ортақ сынақ болды. Біз бұл тығырықтан бірлескен жүйелі жұмыстың арқасында ғана шыға аламыз. Сала ардагерлерінің тәжірибелері мен кеңестері өте маңызды, оны міндетті түрде пайдаланамыз. Сондай-ақ мал шаруашылығымен айналысқысы келетін әр шаруа өз мүмкіндігін ескергені дұрыс. Табиғи және климаттық жағдайлар бар, жемшөп базасы болу керек, малды бағу қажет дегендей. Мемлекеттік органдар заң шеңберінде барынша көмектеседі, бірақ әрбір азаматтың малы үшін жауап бермейді. Ауыл шаруашылығын нәтижелі жүргізу үшін жүйелі жұмыс істеу керек, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ Маңғыстау облысында мал азығы қорын қалыптастыруға қосымша қаражат бөлінбек. Нақтырақ айтсақ, қосымша 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 26 200 тонна жем мен 4000 тонна шөп сатып алу жоспарлануда.
Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын толықтыру, тұтынуға берілген ауыз су құнын субсидиялау, Ақтау қалаішілік маршрутының 6 бағыты бойынша автопарктың жаңартылуын субсидиялау және т.б. бірқатар әлеуметтік маңыздағы мәселені қаржыландыру жолға қойылмақ.
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде іске асатынын айтты.
Маңғыстау облысы
Елордада 14 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 09:34
Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:25
15 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:16
Анна Данилина АҚШ-та чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 09:09
Коронавирустың тәуліктік көрсеткіші төмендеді
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Футбол • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Хоккей • Бүгін, 08:37
Ерекше балаларға қамқор орталық
Қоғам • Бүгін, 08:35
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Өнер • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:25
Әкімдік мұқтаж балаларға мектеп формасын әпереді
Білім • Бүгін, 08:23
Материалдық көмек – 40 мың теңге
Қоғам • Бүгін, 08:22
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Жол ақысына жаңа тариф енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:18
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Әлем • Бүгін, 08:13
Қазақстан • Бүгін, 08:10
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Кеше
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Ұқсас жаңалықтар